^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 9 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтың мерейтойы мерекеленуде
22 қазан 2019

Бүгін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Халық жазушысының 95 жылдық мерейтойына орай мерекелік кеш өтті.

 

Салтанатты шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, жазушылар, аудармашылар, шығармашыл зиялы қауым мен жастар қатысты.

Мемлекеттік хатшы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауларын оқып берді. Оларда жазушының отандық әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан орасан зор үлесі үшін алғыс сөздер айтылған.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Әбдіжәміл Нұрпейісовтың шығармаларын тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің де білетінін атап өтті. Оның шығармалары 35 тілге аударылған және миллиондаған тиражбен дүниежүзіне тараған.

«Біз, алматылықтар, оның жақында Алматы қаласының Құрметті азаматы атанғанына мақтанамыз. Бұл – Ұлы жазушы шығармалары оқырмандарының оған көрсеткен құрметі мен алғысы», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда туылған. 1942 жылы орта мектепті бітірген соң Қызыл Армия қатарына шақырылады. Запасқа шыққаннан кейін 1947 жылдың қаңтарында өткен соғыстың жадында әлі де сақталған естеліктері бойынша өзі қатысқан Курляндиядағы жау әскерін қоршау операциясы туралы алғашқы ірі туындысын жазуға кіріседі. «Курляндия» деп аталатын роман қоғамның жоғары бағасын алып, 1950 жылы Қазақ ССР-інің Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болады.

Оның екінші ірі шығармасы – маңызды эпикалық тақырып - революцияға дейінгі аралдық балықшылардың өміріне арналған «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» кітаптарынан тұратын «Қан мен тер» тарихи-революциялық трилогиясы.

1974 жылы роман КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді. «Қан мен тер» романының сценариі бойынша көркемсуретті фильм түсіріліп, пьесалар қойылды.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қоғамдық көлікте жолаушылар азайды
08 сәуір 2020 - 15:32
Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев БАҚ өкілдеріне арнап онлайн брифинг өткізді.   «Алматы қаласында карантин тәртібінің енгізілуіне және барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көліктің жұмыс уақытын сағат 19.00-ге дейін қысқарту туралы шешім қабылданған еді. Соңғы аптада жолаушылар ағынының 80%-дан астамының азайғаны байқалды», — деп атап өтті Сағындық Телібаев. Басқарма басшысының ...
Президенттің тапсырмасы бойынша сәуір айынан бастап алматылық 589 мың адамға зейнетақы мен жәрдемақы беріледі »»
08 сәуір 2020 - 14:16
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов мәлімдеді.   Спикер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының, Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әл...
Халыққа қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде? »»
08 сәуір 2020 - 13:00
Ол туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева кеңінен мәлімет берді.   «Алматы қаласы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қала халқының осал топтарына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Арнайы қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен, сонымен қоса "Birgemiz" және "Жаңа Алатау" қоғамдық қорларының есебінен бөлінуде. Бұларға қоса аудан әкімдіктері...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56