^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматылықтар қала тарихын сақтауға қатысатын болады
25 қазан 2019

 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сәулет ескерткіштері құрамына қаланың  бірегей ғимараттарын енгізу бойынша алматылықтардың ұсыныстарын жинауды тапсырды.

Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша  тарихи көркі сақталуы тиіс ерекше ғимараттар мен нысандардың тізімін жасау жөніндегі жұмыс басталды. Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы сәулет ескерткіштері тізіміне енуі тиіс ғимараттар бойынша түскен ұсыныстарды жинау жобасын іске қосты.

Алматылықтардың пікірі бойынша сақтаулы тиіс ғимараттар туралы ақпаратты almaty.uaig.kz сайтындағы «Бірегей ғимараттар каталогы» айдарына аты-жөні мен тегін, байланыс телефонын, нысанның мекенжайы мен  фотосын жіберу қажет. Ізгі ниетті азаматтар ұсынған объектілерді  сарапшылар бір айда екі рет қоғамдық комиссияда талқылайды және «Алматының бірегей ғимараттарының каталогына» енгізіледі. Қоғамдық тыңдау болатын күн кейінірек жарияланады.

Қазіргі кезде қоғамшылар 757 құнды  тарихи ғимараттарды анықтады. Алматының тарихи-мәдени мұрасымен айналысатын сәулетшілер мен энтузиастардың кәсіби бір тобы қаланың сәулет ұқсастығын зерттейтін (Archcode Almaty) жобасын ұсынуда, сонда кеңес дәуірі кезінде салынған Қазақстанның бұрынғы астанасының барынша бірегей ғимараттары да еніп, каталогтың мәні арта түсер еді.

Бұрындары Алматы қаласы ғимараттарының жасы көрсетілген карта  болды, оның құрамына 250 мыңға  жуық нысан енген. Карта қала құрылысының 7 кезеңін қамтиды: Верный кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейін:

1)  1927  жылға дейін, қаланың  астана  атануы;

2)  Астаналық  авангард: 1927-1935  жылдар;

3) Классикалық және ұлттық мұраны игеру: 1936-1941  жылдар;

4) Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі классицизм: 1942-1957  жылдар

5) Ерте модернизм: 1958-1969  жылдар;

6) «Жоғары» модернизм: 1970-1995  жылдар;

7)  Заманауи: 1995 жылдан кейін және бүгінгі күнге дейін.

 




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56