^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстанның қауіпсіздік кеңестері сағат теңестірді
25 қазан 2019

А.ж. 25 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымов пен Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Виктор Махмудов төрағалық еткен келіссөздер барысында орталық мемлекеттік органдар басшылықтардың қатысуымен екі мемлекет ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар әлемдік пен өңірлік қауіпсіздік, Орталық Азиядағы қазіргі қауіп-қатерлер, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда ынтымақтастық бойынша пікірлерін білдірді.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара әрекеттестік мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Екі мемлекеттің экономикалық жүйелері мен халықтар үшін маңыздылығына байланысты трансшекаралық өзендердің пайдалануы мен қорғау саласындағы ынтымақтастықтың аспектілері қаралды.

Сонымен қатар шараның күн тәртібіне әскери және әскери-техникалық саласындағы өзара әрекеттестік мәселелері енгізілді.

Кездесу нәтижесінде 2020-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты арасындағы ынтымақтастық жоспары келісілген, мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді »»
06 сәуір 2020 - 19:33
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.   – Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр. Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп сал...
7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады »»
06 сәуір 2020 - 18:55
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.   Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берд...
Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56