^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының МӘМС-ды енгізуге дайындығы туралы
30 қазан 2019

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматыдағы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев 2020 жылы Алматы қаласы тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландырудың бір жарым есеге немесе 45,5 млрд. теңгеге артатынын хабарлады.

 

«Егер 2019 жылы медициналық қызметтің бюджеті 116,8 млрд. теңге болса, 2020 жылға жоспарланғаны 160,4 млрд. теңге. Қаржыландырудың өсуі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты», - деп атап өтті Т. Әбілдаев.

Тілеухан Әбілдаев қазірдің өзінде сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстарының ойдағыдай орындалғанын, нормативтік-құқықтық базаның жасақталғанын, медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесінің бекітілгенін, МӘМС-ды енгізудің ақпараттық жүйесінің дайын екенін айтты.

Қазірдің өзінде келісімшарттар мен қосымша келісімдерді қалыптастырудың автоматты функциясы жасалды. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жекелеген құжаттарға қолдар электронды түрде қойылуда. Басты мақсат – медқызметті сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, жемқорлықтың алдын алу.

Дегенмен, қалада күні бүгінге дейін мәртебесі анықталмаған 55 мыңнан астам азаматтар бар.

«Өздігінен жұмыс жасайтын халықтың мәртебесін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде қала бойынша жай-күйі белгісіз азамттардың үлесін мына санаттағылар құрайды, «жалданбалы жұмысшылар» - 12 мың адам, «өз бетінше жұмыс жасайтындар» - 15,6 мың адам, «тіркелмеген жұмыссыздар» - 8,8 мың адам. Бүгінгі күні 5,9 мың адам бірыңғай жиынтық төлемді төледі. Атап өтерлік жайт, БЖТ халықтың осы тобына МӘМС жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді», - деді Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Еске салсақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан толық енетін болады. 2020 жылдың 31 наурызына дейін әрбір азамат мәртебесіне қарамастан МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56