^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының денсаулық сақтау жүйесі қалай өзгереді
30 қазан 2019

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Президент Қ.-Ж. Тоқаевқа мегаполис тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартудың шаралары туралы айтып берді.

 

Алматыны дамыту бойынша өткен кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы қаланың денсаулық сақтау саласының жұмысына көптеген шағымдардың түсетінін атап өтті. Оның мәліметі бойынша, әлеуметтік сауалнама қалалықтардың 63%-ының медициналық қызметке көңілдері толмайтынын көрсеткен.

Денсаулық сақтаудағы корпоративті басқарудың төмен деңгейі атап өтілді. «Бұл ашықтықтың болмауына, жемқорлыққа әкеледі. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы 17-нің 16-шы орнында тұр»,- деді Президент, қысқа мерзімде жағдайды түзетуді тапсырды.

Е. Бабақұмаров баяндағандай, Б. Сағынтаевтың Алматы әкімі болып тағайындалған күннен бастап жұмыс қолға алынды, оның тапсырмасы бойынша құралдардың саны мен техникалық жарақтануға қатысты қаланың барлық медициналық ұйымдарына аудит жүргізілді.

«Денсаулық сақтау жүйесі әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бізге түскен 45 мың өтініштің мониторингі медициналық қызмет сапасының тұрғындарды толғандыратын 10 сауалдар тобына енетінін көрсетті», - деді қала әкімінің орынбасары.

Жалпы құны 60 млрд. теңгені құрайтын қажетті құралдармен қаланың медицина ұйымдарын жабдықтау жөніндегі үш жылдық жоспар жүргізілген аудиттің басты қорытындысы болды.

Е. Бабақұмаров қалалықтардың көрсетілген қызмет сапасына көңілі толмайтындығын жаңа ықшамаудандардағы емханалардың жоқтығымен түсіндірді, соның салдарынан орталық емханалар шамадан тыс толып, кезектер орын алып, дәрігерлерге нормативтен тыс жүктеме түскен.

«Бұл проблеманы шешу үшін біз дәрігерлік амбулаториялар жүйесін дамытудың үш жылдық жоспарын әзірледік. Бізге барлығы 35 амбулатория қажет, олардың 7-і қазірдің өзінде ашылды, жыл аяғына дейін тағы 3-ін ашамыз», - деді қала әкімінің орынбасары. Бұдан өзге, оның мәліметі бойынша биылғы жылы 3 емхана, ал келер жылы тағы 3 емхана салынады.

Медмекемелерді корпоративті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында қадағалау кеңестері құрылған болатын. Алайда олардың құрамында емханалар мен ауруханалардың бірінші басшылары болғандықтан медициналық ұйымдардың жұмыс сапасына оң ықпал ете алмады.

«Осыған орай конкурстық негізде 45 жаңа қадағалау кеңестері құрылды, бұл барлық ұйымдардың 60%-ын құрайды. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда», - деп түсіндірді Е. Бабақұмаров.

Сонымен қатар қалада жекешелендіру мен МЖӘ дамытудың кешенді жоспары әзірленуде. Жалпы әдіс анықталды - кәсіби емес активтерді операциялық басқарудан арылып, жағдайды бақылауды сақтап қалу қажет. Қала бірегей медициналық мекемелерді, шеттегі емханаларды және ірі ауруханаларды басқару құқығын өзіне қалдырады.

Бұлардан өзге, инвесторлармен жұмыс жанданатын болады, қызметтің ашықтығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қамтамасыз етіледі. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге жобалы офистің жұмысы басталды.

Алматы әкімінің орынбасары Мемлекет басшысын денсаулық сақтау саласының жұмысы жаңа серпін алатынына, айтылған проблемалардың шешілетініне сендірді. Оның үстіне, Президенттің тапсырмасына сәйкес өсімнің жаңа резервтерін анықтау мақсатында білім және денсаулық сақтау жүйелері базасында әлеуметтік экономика дамитын болады.

«Мұнда қызмет көрсетудің жеке секторын құру мақсатында МЖӘ тетіктері қолданылады. Ол үшін бюджет есебінен салынған үйлердің бірінші қабаттары әлеуметтік маңызы бар нысандарға берілетін болады», - деп қорытындылады сөзін Е. Бабақұмаров.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56