^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Республикалық штабтың отырысында Президент тапсырмалары аясында денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері қаралды
31 қазан 2019

Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаеваның және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалық етуімен аналар мен балалардың өлім-жітімін азайту мәселелері бойынша республикалық штабтың отырысы өтті.

 

Штабтың отырысына Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бөлімшелерінің басшылары, республикалық ғылыми медициналық орталықтардың және қалалық медицина ұйымдарының басшылары қатысты.

Қатысушылар бірқатар мәселелерді қарады, соның ішінде медицинаның түрлі салалары бойынша талдаулар мен ұсыныстар туралы айтылды. Негізінен, Алматыда үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде нәрестелер өлімін талдау нәтижелері, инсульттық қызмет жағдайының мәліметтері, онкологиялық сырқаттар, Алматының жедел медициналық қызметінің жағдайы және басқа мәселелер сөз болды.

Отырыс барысында Денсаулық сақтаудың вице-министрі Лязат Ақтаева республикалық штабтың басты міндеті кемшіліктерді тұрақты түзету екенін атап өтті.

«Оқыту процесі үздіксіз. Көшпелі штабтың отырысы – қателіктерді тұрақты түзету. Яғни, анықталған кемшіліктерге қатысты аудит жүргізіледі және басшылармен болған ашық әңгімелер кезінде қандай шаралар қабылдау керектігі айтылады», - деді вице-министр Лязат Ақтаева.

Өз кезегінде Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бас дәрігерлерге медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін халықпен тығыз байланыс орнатуға кеңес берді.

«Барлық орындалмаған көрсеткіштерді тиянақты қолға алу керек. Тек үйлестірілген бірлескен іс-әрекеттер мен соңғы нәтижеге ұмтылыс қана медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартудың барлық міндеттерін шеше алады», - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Республикалық штабтың отырысы нәтижесі бойынша Алматыда 29 қазанда өткен кеңесте Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың Алматының денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, сапасын арттыру және МӘМС механизмдерін енгізу арқылы медициналық қызметті қолжетімді ету бойынша берген тапсырмаларын орындау үшін іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56