^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласындағы жемқорлыққа қарсы саясат туралы
31 қазан 2019

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы саясатын, қоғамдық сананы модернизациялау: адалдық пен парасаттылық қағидаларын дамыту мәселелері бойынша брифинг өтті.

 

Брифинг барысында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар Игіліков ұлттық экономиканың дамуы мен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне қатысты екенін, ал оны түбегейлі жою үшін әрбір субъектіге жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Әрбір азамат, мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қоғамдық бірлестіктер осынау әлеуметтік келеңсіз жайтпен күресіп, оның барлық көріністеріне төзімсіздік танытулары тиіс. Ұйымның бастамасымен сегіз оқиғаның үшеуіне батылдықпен талдау жүргізілді. Мемлекеттік органдардың осындай батылдық танытуы ведомстволық мүддеден аттап өтіп, жемқорлықтың себептері мен шарттарын жояды және қоғамның қажеттіліктеріне сай келетін проблемалық мәселелерді анықтайды.

«Барлық азаматтарды, мемлекеттік органдар басшыларын, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қол жайып отырмай, жемқорлықтың алдын алып, оның осал жерлеріне талдау жасауға, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себеп-салдарларды жоюға шақырамын», - деп қорытындылады сөзін департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар Игіліков.

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мешіт қызметкерлері арасында жемқорлардың жоқ екенін, сонымен қатар діннің көмегімен жемқорлықпен қалай күресуге болатынын айтты.

- Белгілі бір жұма күндері имамдар республика бойынша мешіттерде нақыл сөздер айтады және исламдағы парақорлықтың кесірі, жемқорлықтың адам мен қоғамға қаншалықты зиян келтіретіні, жемқорлықтың мемлекетті құлатуы мүмкін екені туралы пайдалы уағыздарды оқиды. Бұл – біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған шараларымыздың бірі. Алматыда, мысалы, жұма күні 50-60 мың адам жиналады және біз оларға осы ақпаратты жеткіземіз, - деді Еркінбек Шоқай.

Брифинг барысында «Ізгілік елшісі» жалпыұлттық қозғалысының кураторы Айнұр Сабитова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен 7 қазанда тұсаукесерлерінің болғанын әрі жұмыстарының басталғанын айтты. Бүгінгі күнге дейін 120-ға жуық волонтер жобаға қатысуда, izgi.kz порталы іске қосылғалы бері қозғалысқа қатысуға ниет білдірушілер саны артуда.

Жоба өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, өз отандастарына, еңбекке деген сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дарытатын болады.

«Жас ұрпақты еліміздің қоғамдық өміріне кеңінен тарту қажет. Жастар қоғамдық жұмыстарға өз еріктерімен қатысатын болса, жалпы проблемаларды шешуге және еліміздің гүлденуіне үлес қосуға ұмтылады, ал қоғам құндылықтар айналасына шоғырланып, барлық адамдардың парасаттылық пен адамгершілік танытуына ықпал етеді, жастарға адалдықты, өзара көмекті, келісім мен патриотизмді дәріптейтін болады», - деп атап өтті Айнұр Сабитова.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56