^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Цифрлық технологияны қолдау мен дамыту үшін ІТ-кеңес құрамыз
31 қазан 2019

Бүгін, 31 қазанда Алматы әкімі Б. Сағынтаев ІТ-қоғамдастығымен кездесуде саланы қолдау мен дамыту мәселелерін талқылады, сонымен қатар арнайы кеңес құрылатыны туралы хабарлады.

 

Екі сағат шамасына созылған кездесуде ІТ-саласын дамытуға қатысты мәселелер мен ұсыныстар, мегаполис экономикасында оның үлесін арттыру туралы сөз болды.

Электронды коммерциямен, онлайн-сервиспен, ритейлмен, логистикамен, финтехпен, көлік мобильділігімен, білім және инвестициямен айналысатын цифрлық компаниялар өкілдері осы саланың экожүйесін одан әрі қалыптастырудағы өз ойларын айтты.

Басты мәселенің бірі – кадрлардың жетіспеушілгі. Видеобақылау жүйесін жасаушы Қайрат Ахметов бұл мәселені шешу үшін «Алатау» ПИТ АЭА студенттердің кампусын ашуды, финтех-маман Руслан Омаров жоо-да студенттік зертханаларды ашуды ұсынса, ал Жамбыл Ревшановтың компаниясы Алматыда халықаралық ІТ- мектебін ашуды ниет етуде.

Кездесуге қатысушылардың барлығы саланы тиімді реттеу, қолдаудың түсінікті ережесін жасау және цифрландыруда жеке бизнесті дамыту туралы айтты.

ІТ-қоғамдастықтың барлық өкілдерін тыңдаған Алматы әкімі ақпараттық технология саласында Іскерлік кеңеске балама ретінде арнайы кеңес құру жөніндегі ұсынысты қолдады.

- Жақында өткен кеңесте Президент Қ.-Ж. Тоқаев мегаполистің барлық саласының тыныс-тіршілігін цифрландыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Сондықтан бізге сіздердің көмектеріңіз маңызды. Құрылатын ІТ-кеңес аясында ай сайын бір рет кездесеміз, нақтылы мәселелерді қоямыз және олардың шешімдерін табатын боламыз. Ең бастысы, кеңес ІТ–саланы дамыту үшін жайлы жағдайлар жасаудың тиімді алаңы болуы тиіс, - деді Б. Сағынтаев, барлық қажетті шешімдерді сала сарапшыларының қабылдайтынын атап өтті.

Әкімдік инфрақұрылымды құруға, барлық мүдделі тараптардың іс–қимылын үйлестіруге көмектесетін болады. Қала экономикасының құрылымында сала үлесінің барынша маңызды болуы міндеті тұр.

Б. Сағынтаевтың пікірінше, Алматы осы салада әлемдегі ең инновациялы және ілгері жылжыған қалалардың бірі болуы тиіс. Ол үшін барлық мүмкіндіктер, ең бастысы - бай адами капитал бар. Ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоо-ның әлеуетін пайдалану қажет.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56