^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Ержан Бабақұмаров «Үміт үйінің» жұмысымен танысты
06 қараша 2019

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Үміт үйінде» болып, «Үміт үйі» ҚММ қамқорлығындағы балалардың тұрмысымен танысты.

 

Сонымен қатар, Е.Бабақұмаровтың төрағалығымен балаларды қабылдау комиссиясы өтті. Комиссияның отырысында Е.Бабақұмаров Әлеуметтік әл-ауқат, Білім және Қоғамдық денсаулық басқармаларының басшыларына қиыншылық көріп отырған және баладан уақытша бас тартуға мәжбүр болған толық емес отбасынан шыққан аналарға қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Бұл үшін шаһар басшысы Б.Сағынтаевтың ұйытқы болуымен ашылған «Іскер Ана» жобасы қолайлы болмақ. Бұл жобаның арқасында мамандығы мен жұмысы жоқ әйелдер жаңа мамандықты игеріп кете алады. Ал оқу курсы аяқталысымен белсенділердің өз ісін ашуы үшін қажетті құрал-жабдықтар мен құралдарды алуға мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ, қаланың барлық аудандарында ауқымды «Бақытты отбасы» бағдарламасын, сондай-ақ Елбасының «Барлығына тегін ТжКБ» бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндігін пайдалануға болады. Балалар қарауда болғанда, аналар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тегін білім алып, курстан өтіп, жұмысқа орналаса алады. Іскер және белсенді әйелдер үшін «Іскер Ана» бағдарламасы жұмыс істейді. Мұнда әйелдерді кәсіпкерлікке және бизнесті жүргізу негіздеріне үйретеді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56