^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда медұйымдардың МӘМС-ке техникалық дайындығы 1 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс
06 қараша 2019

 

Қалалық әкімдікте шаһар басшысының орынбасары Е.Бабақұмаровтың төрағалығымен мегаполистің мемлекеттік емес медициналық ұйымдары басшыларының қатысуымен жиын өтті. Мұнда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық барысы қаралды.

 

Ержан Бабақұмаров МӘМС-тің енуіне толық техникалық дайындықтың маңыздылығын атап өтті. Бүгінде бүкіл ел бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.
Қазіргі таңда ТМККК шеңберінде көмек көрсететін барлық 92 жеке меншік медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелер орнатылды. Алайда, Денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтандыру жүйелерімен интеграциялау процесі толық аяқталған жоқ, – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.
2018 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №127 Бұйрығымен медициналық ақпараттық жүйелерге (МАЖ) қойылатын ең төменгі талаптар анықталды. Басты талаптардың бірі – Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінің интероперабельді болуы.
Әзірлеушілердің көбі өз міндеттемелерін орындамады. Осының салдарынан солардың жүйелерін орнатқан медициналық ұйымдар бүгінгі күні МӘМС форматында жұмысқа дайын емес, – деді Ержан Бабақұмаров.
Бұл ретте ол 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін МӘМС енгізуге барлық медициналық ұйымдардың толық техникалық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары жеке медициналық ұйымдардың медициналық қызмет көрсету стандарттарын аккредитациялау жұмысын жеделдетуді тапсырды. Кеңесте цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев пен ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы филиалы директорының орынбасары Камила Файзуллина сөз сөйледі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56