^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 10 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласының құрметті тұрғындары мен қонақтары!
07 қараша 2019

Бүгін, 2019 жылғы 7 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 12.55-те Алматы қаласының ТЖ Департаменті хабар тарату жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.

 

Оқу тексеруде электросирендерді қосу арқылы хабар таратудың «Барлықтарыңыздың назарларыңызға» бірыңғай дабылы қағылып, телеарналар мен радио арқылы хабар тарату жүйесінің дайындығын тексеру жөнінде халық бір мезетте хабарланады.

Тексерулер ай сайын, алғашқы бейсенбіде, сағат 12:55-те жүргізіледі. Келесі тексеріс мереке күндеріне тура келетін болса, одан кейінгі бейсенбіге ауыстырылады.

Осыған орай, Алматы қаласының ТЖ Департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады.

Дегенмен, егер төтенше жағдай туа қалса, электросирендерді қосу ережелерін еске саламыз.

Егер дабыл үйде болғанда қағылса:

- радионы, радиотрансляцияны және телеарналарды қосу қажет;

- жедел хабарландыруды тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сай іс-қимыл жасаңыз.

Егер дабыл көшеде жүргенде қағылса:

- көшедегі дауыс күшейткіштер және жылжымалы хабар таратқыштар арқылы берілген жедел хабарды тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сай іс- қимыл жасаңыз.

 

Алматы қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда «Жаңа Алатау қоры» есебінен 12 000 адам азық-түлік қоржынын алды  »»
09 сәуір 2020 - 17:53
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді.   «Бүгінгі таңда Алматы қаласы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қала халқының осал топтарына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Өздеріңіз білесіздер, «Жаңа Алатау» қоғамдық қорына алғашқылардың бірі болып ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қорынан 100 млн. теңге қаражат келіп түскен бо...
Қоғамдық көлікте жолаушылар азайды
08 сәуір 2020 - 15:32
Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев БАҚ өкілдеріне арнап онлайн брифинг өткізді.   «Алматы қаласында карантин тәртібінің енгізілуіне және барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көліктің жұмыс уақытын сағат 19.00-ге дейін қысқарту туралы шешім қабылданған еді. Соңғы аптада жолаушылар ағынының 80%-дан астамының азайғаны байқалды», — деп атап өтті Сағындық Телібаев. Басқарма басшысының ...
Президенттің тапсырмасы бойынша сәуір айынан бастап алматылық 589 мың адамға зейнетақы мен жәрдемақы беріледі »»
08 сәуір 2020 - 14:16
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов мәлімдеді.   Спикер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының, Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әл...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56