^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 10 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда көшелерді қардан тазалау үшін 400-ден астам техника бірлігі шығарылды
07 қараша 2019

Алматыда 6 қараша күні түнгі сағат 23:30-дан бастап қар жауа бастады.

 

Болжам бойынша, қылпық қар 7 қарашаның бірінші жартысына дейін созылады.

Көктайғақтың алдын алу үшін түн мезгілінде 417 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 162 құм лақтырғыш техника бар және 427 жол тазалайтын жұмысшылар іске кірісті.

7 қараша күні таңнан бастап 498 техника бірлігі қар тазалауға шығарылды, оның ішінде 174 құм лақтырғыш бар, сонымен қатар 1688 жол жұмысшылары қар тазалаумен айналысуда.

Қардың түсуі басталысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар төгілуде, тротуарлар, жаяу жүргінші аумақтары, қоғамдық көлік аялдамалары, өтпелі жолдарға кіретін және одан шығатын жерлер қардан тазартылуда.

Таңғы сағат 8-де көктайғаққа қарсы 2609 тонна материал төгілді.

Жауған қардың деңгейі - 5 сантиметр.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда «Жаңа Алатау қоры» есебінен 12 000 адам азық-түлік қоржынын алды  »»
09 сәуір 2020 - 17:53
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді.   «Бүгінгі таңда Алматы қаласы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қала халқының осал топтарына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Өздеріңіз білесіздер, «Жаңа Алатау» қоғамдық қорына алғашқылардың бірі болып ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қорынан 100 млн. теңге қаражат келіп түскен бо...
Қоғамдық көлікте жолаушылар азайды
08 сәуір 2020 - 15:32
Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев БАҚ өкілдеріне арнап онлайн брифинг өткізді.   «Алматы қаласында карантин тәртібінің енгізілуіне және барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көліктің жұмыс уақытын сағат 19.00-ге дейін қысқарту туралы шешім қабылданған еді. Соңғы аптада жолаушылар ағынының 80%-дан астамының азайғаны байқалды», — деп атап өтті Сағындық Телібаев. Басқарма басшысының ...
Президенттің тапсырмасы бойынша сәуір айынан бастап алматылық 589 мың адамға зейнетақы мен жәрдемақы беріледі »»
08 сәуір 2020 - 14:16
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов мәлімдеді.   Спикер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының, Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әл...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56