^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Шығармашылық аймақ» құрылады
11 қараша 2019

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Алматы қаласының тарихи орталығын жақсарту аясында Байсейітова жаяу жүргіншілер көшесін, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық Опера және балет театры мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің саябақтарын  безендіру (сквер) бойынша эскиз-жобаны әзірлеу бойынша «Шығармашылық аймақ» конкурсы өтетінін хабарлайды.

Күләш Байсейітова атындағы көше қала орталығында жайлы орналасқанына қарамастан тұтастығы мен ашықтығынан айырылған транзиттік аймақ ретінде пайдаланылады. Осыған байланысты қайталанбас шығармашылық ахуал қалыптастыратын аймақ ретінде К. Байсейітова көшесін, сондай-ақ оған іргелес аймақтардың мүмкіндігін ашатын тұжырымдаманы әзірлеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, тұжырымдамаға «Неделька» субұрқағын қайта жаңарту жөніндегі жобалық шешім енгізіледі.

Онлайн өтінім басқарманың ресми сайтында https://almaty.uaig.kz/kvartal «Тарихи орталықтағы шығармашылық аймақ» бөлімінде беріледі. Өтінім қысқаша сипаттамасы бар эскиздік жобадан және де төменде көрсетілген құжаттардан тұрады:
- аумақты талдау;
- аумақты функционалдық аймақтарға бөлу сызбасы;
- аумақты 3D визуализациялау;
- безендіру элементтері;
- әлеуметтік мәдени бағдарлама.


Конкурс қатысушылардың өтініші бойынша дрондардан топотүсірілімдер мен жергілікті жердің фотосуреттері жіберіледі. Конкурстық жұмыстар 2019 жылдың 14 желтоқсанына дейін қабылданады. Сайтта дауыс беру 2019 жылдың 15 желтоқсанынан 25 желтоқсанына дейін өтеді. Қазылар алқасы іріктелген жұмыстарды бағалауы 2019 жылдың 25 желтоқсанынан 27 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Жеңімпаз 2019 жылдың 30 желтоқсанында анықталады. Жазғы маусымға Байсейітов көшесі мен оған жақын орналасқан скверлерді өзгеше көркем келбетке енуі үшін аумақты абаттандыруды келесі жылдың көктемінде бастау жоспарланған.


Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылы 2 қарашада «Шығармашылық аймақ» байқауын өткізуді тапсырған еді. Байқаудың мақсаты – К. Байсейітова көшесін музыкалық кештер, түрлі тақырыптық көрмелер, көше қойылымдары мен көріністері әрі қала тұрғындары жиі келетін мәдени орынға айналдыру.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Құрбан болған тұлғалар» көрмесінің ашылуы жайында »»
06 желтоқсан 2019 - 18:48
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ...
«Еститін мемлекет» осылай жұмыс істейді - Б. Сағынтаев аудандардың проблемаларын шешуде »»
06 желтоқсан 2019 - 18:50
Бүгін, 6 желтоқсанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесу өткізді.   «Еркін микрофон» форматындағы кездесу Кемел ықшамауданының мәдениет үйінде өтті, 23 тамызда болған кездесуде тұрғындар барынша өзекті мәселелерді көтерген еді. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалаға осыдан 5 жыл бұрын қосылған «Первомайский» поселкесінде ұзақ уақыт бойына дамыған коммуналды инфрақұрылым, су мен жол болған емес. Бүгінгі күні бұл проблемалар &laqu...
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
06 желтоқсан 2019 - 16:35
Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдындаөскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті. «Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде к...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56