^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 4 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Абаттандыру мен қала құрылысының мәселелері туралы
12 қараша 2019

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала көшелері мен аулаларын жарықтандыру, модернизациялау мен реконструкциялау, аула аймақтарын күрделі жөндеу, арық жүйелерінің жағдайы, проблемалық учаскелер мен оларды ретке келтіру туралы брифинг өтті.

 

Алматы қаласының жоспарлау мен урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қаланы дамыту жөніндегі перспективалы жоспарлар тек қаланың орталық көшелерін ғана емес, сонымен қатар шет аймақты да қамтитынын атап өтті. Болашақ даму барысында бірқатар себептер бойынша кенжелеп қалған қаланың барлық учаскелерінде тиісті инфрақұрылымдар пайда болады.

 

Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев Алматы облысының жерлері қосылып, қаланың ұлғаюы барысында бірқатар аудандарда көше жарықтарының болмауы проблема туғызғанын атап өтті. Бұл аудандарда жарықтандырудан өзге су және газ құбырларын тарту қажет.

 

«Бүгінгі күні қаладағы көшелердің жалпы саны 2 746, соның ішінде 1 500 көше толық жарықтанған, қалғандары жартылай, ал 873 аулада көше жарығы мүлдем жоқ. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу аясында осы проблемаларды шешу үшін келісімшарттарға қол қою шаралары жүруде. Келер жылдың аяғына дейін қалаға қосылған аудандардың көшелері толық жарықтанады. Сонымен қатар қаланың бірқатар көшелеріндегі ескі шамдар жарық жинайтын жаңаларымен ауыстырылуда», - деп хабарлады Әсет Масабаев.

Қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов Алматыда 1200 километрден астам арықтардың барын, олардың 1102,3 км арық жүйесіне аудан әкімдіктері қызмет көрсететінін айтты. Қалғандары аулалар аумақтарында немесе иесіз.

 

Қалада соңғы 3 жыл ішінде 302,5 км арық салынды және жөнделді, осының арқасында кейбір аумақтарды су басып қалу үш есе азайды.

 

2019 жылы аудандар әкімдіктері 28,5 км арық жүйесін ағымдағы жөндеуден (аудандарға бөлгенде: Алатау – 4,4 км, Алмалы – 1 км, Әуезов – 4 км, Бостандық – 3,5 км, Жетісу – 3,8 км, Медеу – 3,3 км, Наурызбай – 3,2 км және Түрксіб – 5,3 км) өткізді.

 

Сонымен қатар, басқарма басшысы құны 554 млн теңге болатын 376,26 км арық жүйесін салу мен реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге және бұрыннан бар арық жүйелеріне инвентаризациялауға, оның ішінде қалаға қосылған елді мекендердегі арық жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жаңа арық жүйелері мен жауын кәріздерін салуға конкурс жарияланғанын хабарлады.

 

«Инвентаризациялаудан соң бірыңғай арық жүйесі мен жауын кәрізін салу бойынша кешенді шаралар қабылдау жоспарланған, ал бұл жауын суларының қала аумағынан, әсресе, қалаға қосылған елді мекендерден толық сыртқа ағуына мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ержан Сейтенов.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді »»
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін...
Қазақстанда МӘСҚ-тан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды »»
03 сәуір 2020 - 12:55
Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ПӘ жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесе отырып Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуғабайланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін сервис құрды.   Сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының ала...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56