^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыдағы қалалық штабтың отырысында Денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды
12 қараша 2019

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдарда бала өлімін азайту, сондай-ақ қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету шаралары талқыланды.

 

Жиынға қалалық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Жиынға қатысушылар Үйлестіру кеңесі барысында айтылған бірқатар мәселелерді қарастырып, қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

"Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық маңызды көрсеткіштерін мұқият пысықтау қажет. Тек үйлесімді бірлескен іс-қимыл ғана қойылған барлық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Барлық басшыларға медициналық көмек көрсету сапасын қатаң бақылауда ұстау қажет", – деді Ержан Бабақұмаров.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша 29 қазанда Алматыда өткен Кеңесте Президент Қ.-Ж.Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру, Алматы денсаулық сақтау жүйесіндегі істердің жағдайын жақсарту, МӘМС тетіктерін енгізуді ескере отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56