^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобымен кездесті
12 қараша 2019

Алматыда Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық Кеңестің жұмыс тобы мүшелерінің қала әкімдігінің құрылымдық басқармаларымен кеңесі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева қатысты.

 

12 қарашадан бастап «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің сараптамалық тобы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру ұсыныстарын зерделеу және жинау мәселелері бойынша Алматы қаласында өз жұмысын бастайды. Бағдарлама бойынша қаладағы барлық сегіз ауданға бару жоспарланған.

Мұндағы басты мақсат – «Бақытты отбасы» жобасымен танысу, балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету құралдарын енгізу, аймақтық деңгейде баланың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін ведомстволардың қызметін бағалау.

Кеңесте Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының м.а. Жанар Мадеева, білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова, әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашеваның, Алматы қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Төрехан Исиннің баяндамасы және қалада балаларды қолдау бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы есептер тыңдалды.

Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобы қалада 19 қарашаға дейін жұмыс істейтін болады.

Алматыдағы топ сарапшыларының басты назарында орта жалпы білім беретін мектептер, жекеменшік балабақшалар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмысы ұйымдары болмақ.

Сонымен қатар, сарапшылар мамандандырылған интернаттардың, балалар үйінің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, мамандандырылған мектептердің, Оқушылар сарайының жұмысымен танысады.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56