^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 1 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының даму стратегиясының ұзақ мерзімді жобасы сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен әзірленуде
12 қараша 2019

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһардың сарапшылық қауымдастығы және қоғамдық кеңестің кеңейтілген құрамдағы мүшелерімен кездесіп, «Алматы-2050» стратегиясының жобасын талқылады.


Алқалы жиын қаланың дамуына қатысты құжаттық жобалардың жұртшылық және сарапшылармен талқылауды құп көретін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес өтті.
«Бұл қала дамуының басты басымдықтарын қамтитын негізгі құжат. Ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтауда сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Бәріміз біріксек, қала үшін қажет ұзақ мерзімді әрі оңтайлы шешімдер табарымыз сөзсіз», – деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.
Жиында қаланың Қоғамдық кеңесінің сарапшылары мен өкілдері жаһандық және өңірлік бәсекелестік, инфрақұрылым мен көлік, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау мен экология, адами капиталды дамыту сияқты стратегиялық даму бағыттары бойынша пікір алмасты.
Өз ұсыныстарын саясаттанушы, ЖБҰК мүшесі Айдос Сарым, Kazakhstan Growth Forum ұйымдастыру комитетінің төрағасы Елдар Әбдіразақов, қаржыгер және кәсіби энергетик Әсет Наурызбаев, қоғам белсендісі Ерлан Нұрпейісов, мониторинг жөніндегі маман Маржан Айтжанова, халықты қоныстандыру саласындағы сарапшы Аида Әлжанова, көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы сарапшы Елена Ерзакович, экология жөніндегі консультант Жарас Тәкенов, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» ҚҚ директоры Меруерт Махмутова білдірді. Бұдан өзге аталған құжаттың жобасына Мамандық таңдау орталығының басшысы Жантөре Кәрімовтің, Қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Кисиков, саясаттанушы әрі тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев, ТЖ кезінде өзін-өзі ұйымдастыру саласындағы сарапшы Тимур Почановтың ұсыныстары енгізілді.
Жиынды қорытындылаған Ержан Бабақұмаров бұл кездесудегі диалогтың конструктивтілігіне ерекше тоқталды.
Қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес стратегия жобасы жақын арада қала тұрғындарының талқылауына шығарылады. Сарапшылар мен алматылықтардан келіп түскен ұсыныстар жұмыс тобының отырыстарында талқыланады. Сонымен қатар, құжаттың жобасы барлық диалог алаңдарында, соның ішінде мәслихатта, қоғамдық және іскерлік кеңестерде талқылауға ұсынылады.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ақпараттық хабарлама
31 наурыз 2020 - 17:14
Карантин кезінде уақытша жабылуға жатпайтын Алматы қаласының ұйымдары мен кәсіпорындары үшін рұқсат етілген салалар мен қызмет түрлерінің тізіміне толықтырулар енгізілді. 2020 жылдың 31 наурызы мен 6 сәуір аралығында карантин кезеңінде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін анықтама үлгілері анықталды.   Алматыда карантин шараларын күшейту туралы...
Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат  »»
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж...
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
31 наурыз 2020 - 13:36
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.   Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек. Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет: №1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27 №2 үл...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56