^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда халықаралық «ЖасSTAR» шығармашылық жастар фестивалі өтті
13 қараша 2019

«Жаңа есімдердің он жылдығы» ұранымен өткен фестивальді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырса, оған Алматы әкімдігі қолдау көрсетті.

 

Фестиваль қатысушылары мен оның қонақтарын қала әкімі Б.Сағынтаевтың атынан шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады.

«Жастардың арасында өнер мен мәдениетті жан-жақты дамытуды мақсат еткен фестиваль өзінің он жылдығын атап өтуде. Аталған шара әр елдің жастарының басын қосып келеді. Жыл сайын фестивальге қатысуға ниет білдірушілер қатары кеңеюде. Бұл – көпшілікке өз талантын паш етіп, шығармашылық көкжиегін кеңейтуге және жаңа тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Жыл сайын фестиваль аясында әр елдің танымал мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен еліміздің жас мамандары мен шығармашылық оқу орындарының студенттері үшін түрлі шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары, дәрістер, тренингтер мен семинарлар өтеді.

Осы уақыт ішінде «ЖасSTAR»-ға сценарист әрі кинорежиссер Егор Кончаловский, музыкант және продюсер Байғали Серкебаев, Париж Операсы ұлттық оркестрінің дирижері Филипп Юи, танымал суретші-стилист М.Ламин, «Виртуозы Москвы» оркестрінің солисі, бірінші скрипкашы Алексей Лундин келді.

Бұл фестивальде Broadway musical shows форматындағы мюзикл өтті. «ЖасSTAR» қатысушыларының жас көлемі әр түрлі. Еліміздің шығармашыл жастарының үздік өкілдері Алматының басты концерттік залы – Республика сарайының сахнасында әлемдік мюзиклдердің үздік хиттарын орындады. Фестиваль бағдарламасында «Величайший шоумен», «Красавица и чудовище», «Ромео мен Джульетта», Chicago, «Достар серті», «Ла-Ла Ленд», Mamma mia сияқты мюзиклдердің композициялары орындалды.







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді »»
06 сәуір 2020 - 19:33
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.   – Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр. Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп сал...
7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады »»
06 сәуір 2020 - 18:55
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.   Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берд...
Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56