^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыны жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасы әзірленді
13 қараша 2019

Алматы әкімі қаланы жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасын қараған жұмыс жиынын өткізді, оның барысында таяудағы үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызу мәселесі сөз болды.

 

Шеберлік-жоспарын жасау кезінде қаланың жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар тартылды, олар зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екенін анықтады. Ал, сонау 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге жеткен екен. Жасыл желек көлемінің азаюы қала көлемі мен адам санының артуына байланысты болуда.

Айта кетерлігі, соңғы үш жыл ішінде 134 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Ағымдағы жылы отырғызылғаны - 140 мыңға жуық.

Мәліметтерге жүгінсек, миллион ағаштар мен бұтақтар отырғызудың тиімділігі жоғары. Яғни, жасыл желектің арқасында 118 млн кг оттегі пайда болады, қаланы жасылдандыру аймағы 5000 шаршы метрге дейін жетеді, жол жиегіндегі шудың деңгейі 40%-ға, жасыл аймақтан 1 шаршы метр радиустағы шаң деңгейі 75%-ға төмендейді.

Сонымен қатар, қаланы абаттандыру деңгейі артады, демалыс аймақтары, скверлер мен саябақтар пайда болады. Мұның барлығы психологиялық ахуалға оң ықпал етеді және қалалықтардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасайды.

«Қаланы жасылдандырудың барлық жұмысы бірыңғай жүргізіліп, ағаштарды стихиялы түрде отырғызуға немесе қиюға болмайды. Біз сондықтан шеберлік-жоспарын әзірлеудеміз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Жиында дүкендердің, салондардың және кәсіпкерліктің басқа нысандарының сыртын жауып тұратын ағаштарды кесуге тыйым салынатыны аталып өтті. Қайтарма ағаштарды отырғызуға бақылау күшейтіледі және кесілген ағаштардың орнына отырғызылатын жасыл желектің саны артатын болады.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев шеберлік-жоспарын толықтыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Жалпы, оның мазмұндық бөлігі нақтылануы және оны жүзеге асырудың пәрменді шараларының қарастырылғаны жөн. Оның ішінде, питомниктердің қуаты, жасыл желекті отырғызудың және оларды күтіп-баптаудың бірыңғай әдісі мен ережесі жіті назарға алынуы тиіс.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Құрбан болған тұлғалар» көрмесінің ашылуы жайында »»
06 желтоқсан 2019 - 18:48
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ...
«Еститін мемлекет» осылай жұмыс істейді - Б. Сағынтаев аудандардың проблемаларын шешуде »»
06 желтоқсан 2019 - 18:50
Бүгін, 6 желтоқсанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесу өткізді.   «Еркін микрофон» форматындағы кездесу Кемел ықшамауданының мәдениет үйінде өтті, 23 тамызда болған кездесуде тұрғындар барынша өзекті мәселелерді көтерген еді. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалаға осыдан 5 жыл бұрын қосылған «Первомайский» поселкесінде ұзақ уақыт бойына дамыған коммуналды инфрақұрылым, су мен жол болған емес. Бүгінгі күні бұл проблемалар &laqu...
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
06 желтоқсан 2019 - 16:35
Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдындаөскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті. «Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде к...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56