^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласында жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер туралы
14 қараша 2019

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша сатып алу құқығынсыз жұмыс жасайтын жастарға жалға берілетін тұрғын үйлер туралы брифинг өтті.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының 3 тармағы мен 5.1 тармағында жұмыс жасайтын жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтер алу үшін қойылатын талаптар көрсетілген.

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев жалға пәтер берудің бірінші пулында Алатау ауданының Көкқайнар ықшамауданында орналасқан 249 пәтерге өтініш қабылдау 30 қазан мен 12 қарашада жүргізілгенін атап өтті.

Жұмыс жасайтын жастардан өтініш пен құжаттарды қабылдау үшін арнайы www.almaty-jastary.kz сайты ашылды. Бүгінгі күнге дейін аталған сайтқа 1244 өтініш түскен.

Айбек Сайделдаев қазіргі кезде жалға үй берудің бекітілген ережесі бойынша құжаттардың толықтығы мен сәйкестігіне, баллдарды есептеуге және жалға пәтер алатын үміткерлердің тізімін жасауға қатысты жұмыстардың жүріп жатқанын айтты.

Балл есептеу баллдық жүйе бойынша атқарылады:

1) Өтініш беруші мамандық нарығының тізімі бойынша өте қажет 100 (жүз) мамандықтың Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018 жылы 13 қарашада №746 қаулысымен бекіткен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес құзырлы орган бекіткен мамандықтың бірін игерсе - 10 балл;

2) Отбасы болса – 5 балл, некеде тұрған әр жылы үшін – 2 балл;

3) 1 (бір) баласы болса – 1 балл, одан кейінгі әр бала үшін – 2 балл;

4) кемдегенде 1 жыл ішінде кәсіпкерлікпен айналысса – 5 балл, әр жыл үшін – 1 балл;

5) өтініш берушінің әр саладағы жеке жетістігі үшін – 2 балл;

6) бюджеттік ұйымдарда атқарған қызметі (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар) үшін – 5 балл, өтілінің әр жылы үшін – 1 балл;

7) екінші деңгейлі банктерде жинақтаушы есебі (депозиттер) болса – 2 балл.

Баллдар тең болған жағдайда көрсетілген мерзім бойынша өтінішті ерте берген үміткерге басымдық беріледі.

Жинақталған баллдар есептелген соң сайтта бағдарламаға қатысушылардың жалпы тізімі жарияланады, одан соң жалға пәтер алуға өтініш берген әрі жоғары балл жинаған үміткерлермен тұрғын үйді жалға беру туралы келісім – шарт жасалады.

Брифинг барысында Айбек Сайделдаев ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 1000 пәтер бөлінетіндігін, аталған бағдарлама бойынша өтініш қабылдау одан әрі жалғасатынын атап өтті.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Құрбан болған тұлғалар» көрмесінің ашылуы жайында »»
06 желтоқсан 2019 - 18:48
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ...
«Еститін мемлекет» осылай жұмыс істейді - Б. Сағынтаев аудандардың проблемаларын шешуде »»
06 желтоқсан 2019 - 18:50
Бүгін, 6 желтоқсанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесу өткізді.   «Еркін микрофон» форматындағы кездесу Кемел ықшамауданының мәдениет үйінде өтті, 23 тамызда болған кездесуде тұрғындар барынша өзекті мәселелерді көтерген еді. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалаға осыдан 5 жыл бұрын қосылған «Первомайский» поселкесінде ұзақ уақыт бойына дамыған коммуналды инфрақұрылым, су мен жол болған емес. Бүгінгі күні бұл проблемалар &laqu...
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
06 желтоқсан 2019 - 16:35
Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдындаөскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті. «Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде к...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56