^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 4 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Бизнес-қоғамдастық өкілдері «Алматы – 2050» Стратегиясының жобасын талқылады
14 қараша 2019

Мегаполисті ұзақ мерзімді дамыту бойынша әзірленген құжат сарапшылар мен жұртшылықтың кеңінен талқылауына ұсынылды. Бүгін жоба нұсқасы бойынша Алматының Іскерлік кеңесінің мүшелері жұмыс істеді.

 

Алматыны дамытудың басты стратегиялық құжаты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша талқылануда. Алматы әкімі мегаполистің тыныс-тіршілігіне қатысты әзірлеген барлық маңызды құжаттарды жұртшылықтың барлық өкілдері, ҮЕҰ, іскер жандар, қаланың белсенді азаматтары жан-жақты талқылаулары тиіс екенін атап өтті.

Бүгін қала әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, қаланың «Атамекен» ҰКП-ның және «Алматы» ӘКК-ның өкілдері Алматының Іскерлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кеңес құрамына жаһандық бағдарламалар, тиімділікті басқару, «ақылды қаланы» дамыту және инновациялық даму, урбанистика және көлік, креативті индустрия, қоғамдық бастамалар комитеттері енеді.

«Халық банкі» АҚ басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова, «AB Restaurants» ЖШС басқарушы директоры Асқар Байтасов, «Magnum Cash&Carry» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Османов, «СК Сентрас Иншуранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ельдар Әбдіразақов, IDC вице-президенті Андрей Беклемишев, «Tan media Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ЗТБ-нің атқарушы директоры Мунавара Палташева, «Ракурс» ЖШС серіктесі Досым Қыдырбаев, Ernst&Young басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, «Oi-QaragaiLesnayaSkazka» ЖШС бас директорының орынбасары Дана Балфанбаева өз ұсыныстарын айтты.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері қала әкімі Б. Сағынтаевтың Алматыны ұзақ мерзімді дамыту жөнінде айтқан негізгі жеті бастамасын жүзеге асыру шараларын талқылады.

Іскерлік кеңестің комитеттері ұсыныстар мен талқылауларды жинақтайтын, сонымен қатар бизнес-қоғамдастықтың, азаматтық сектордың, үкіметтік емес ұйым мен әкімдіктің қаланы дамытуға бағытталған ұсыныстарын өңдеу мен жүзеге асырудың пәрменді диалог алаңына айналулары тиіс.

Еске салсақ, бұрындары «Алматы – 2050» стратегиясының жобасы қаланың сарапшылар қоғамдастығымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен талқыланған еді. Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Стратегия жобасы таяу арада халықтың кеңінен талқылауына ұсынылатын болады. Сарапшылар мен алматылықтардан түскен ұсыныстар жұмысшы топтарының отырыстарында талқыланады. Бұдан өзге, құжат жобасы қолданыстағы барлық диалогтік алаңдарда талқылауға ұсынылады.

 




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді »»
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін...
Қазақстанда МӘСҚ-тан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды »»
03 сәуір 2020 - 12:55
Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ПӘ жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесе отырып Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуғабайланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін сервис құрды.   Сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының ала...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56