^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Алматының Мәскеуден үйренері бар
15 қараша 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мәскеу үкіметінің министрі, сыртқыэкономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Череминді қабылдады.

 

С. Черемин Алматыға Мәскеудің Мәдениет күндеріне Ресейдің астанасынан келген делегацияны басқарады. Кездесу барысында министр дамудың қалалық бағдарламаларын, қоғамдық кеңістікті өзгертудің, денсаулық сақтау мен білім саласындағы реформаларды жүзеге асырудың тәжірибелері туралы айтты. Сонымен қатар, қонақ тұрғын үй қорын, көлік инфрақұрылымын модернизациялау және коммуналдық шаруашылықты цифрландыру, мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы басқару жүйесіне жаңа технологиялар мен инновацияны енгізуде Мәскеудің даму тәжірибесінің ұтымды екенін атап өтті.

«Біздің қалаларда ынтымақтастықты және денсаулық сақтауды, білімді, көлік инфрақұрылымын, ТКШ және цифрландыруды модернизациялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуда жақсы перспективалар бар», - деді Б. Сағынтаев және Мәскеу сияқты Алматының да орталықтандыру бойынша дамитынын атап өтті.

Алматыда «шетсіз қала» қағидасы бойынша тұратын жеріне қарамастан жайлы өмір сүру және әлеуметтік қызметтерді алу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді »»
06 сәуір 2020 - 19:33
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.   – Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр. Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп сал...
7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады »»
06 сәуір 2020 - 18:55
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.   Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берд...
Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56