^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды
15 қараша 2019

Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

 

Алқалы шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектордың өкілдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері мен оңалтудың техникалық құралдарын өндірушілер қатысты.

Отырысқа қатысушылар шара басталар алдында Алматы әкімдігінің ғимаратында ұйымдастырылған мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарының көрмесін аралап көрді.

«Қазақстанда шамамен 690 мың мүгедек тұрады, олардың 90 мыңға жуығы балалар. Осы жылдың мамыр айында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейін ұлттық жоспар қабылданды. Ұлттық жоспардың міндеттерінің бірі – жұмыспен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда мүгедектердің 67 пайызы, яғни 424 мың адам еңбекке қабілетті жаста. Алайда, оның тек 106,5 мыңы немесе 25 пайызы ғана еңбекке тартылған. Жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындамай отыр», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Осыған байланысты ол мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекет пен бизнестің күш-жігерін бірлесіп жұмсауға шақырды.

Еңбек министрі Б.Нұрымбетов экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру деңгейі шамамен 40 пайызды құрайтынын атап өтті. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 47 мың мүмкіндігі шектеулі адамға қолдау көрсетілді, оның ішінде 40 мың адам жұмысқа орналастырылды, 900 микрокредит берілді.

«2020-2021 жылдары бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу міндеті тұр. Ол үшін қосымша 20 мың адамды жұмыспен қамту қажет», - деп атап өтті Б. Нұрымбетов

Бұлардан өзге, мүгедектіктің алдын-алу, оларды кәсіпкерлікке тарту, оңалту орталықтарын құру, білім алуға, әлеуметтік маңызды нысандарға қолжетімділік, әлеуметтік қызметтер порталын құру, оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер қаралды.

Дәл осы күні Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жастардың «Мен жастарға сенемін!» республикалық форумына қатысты.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56