^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Біз жастарға «Алматы арманын» жүзеге асыруға көмектесеміз
16 қараша 2019

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен бірге «Ел үміті» дарынды жастар форумының эстафетасын қабылдады.

«Ел Үміті» жобасы ел бойынша 1000 талантты, дарынды әрі іскер жастарды іріктеуге көмектеседі. Олар өз тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің үлгісінде құрдастарын табысқа ұмтылуға жігерлендіріп, өзіне сенуге, талантын паш етуге көмектеседі.

«Сіздердің әрқайсыларыңыздың жетістіктеріңізді саралай келе, біз еліміздің барлық жастарына үнемі өздігінше жұмыс істеп, жаңа белеске қол жеткізіп, коммуникабельді әрі белсенді болуға шақырамыз. Әркімнің тағдыры өз қолында. Көшбасшы болуға, болашаққа батыл мақсаттар қойып, соған қол жеткізіңіздер», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев форумға қатысушыларға арнаған сөзінде.

Алматыда 700 мыңға жуық жас адам тұрады, яғни қаланың әрбір үшінші тұрғыны – жастар. Оның 230 мыңнан астамы – студенттер. Олар 39 жоғары оқу орнында және қаланың 81 колледжінде білім алады.

«Талант пен энергия, креативті қабілеттер қаламыздың бәсекеге қабілетті ең күшті артықшылығы болып табылады. Біз мұны түсінеміз және бағалаймыз. Алматы жастардың мәселелерін шешеді, яғни жұмысқа орналастырады, кәсіби дағдылар береді, бизнес бастамаларды қолдайды. Біз қаланы жас ұрпақтың өзінің «Алматылық арманын» іске асыра алатындай етіп дамытатын боламыз», – деп атап өтті қала әкімі.

«Ел үміті» форумында Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент пен Алматының белсенді жастары Елбасының ғылым мен білім, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика және қоғамдық өмір салаларындағы қолдау бағдарламаларының арқасында қол жеткізген табыстары туралы әңгімеледі.







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56