^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 26 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының қалалық штабында медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелері талқыланды
19 қараша 2019

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыны дамыту жөніндегі кеңейтілген кеңесте берген тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров штабтың кезекті отырысын өткізді.

 

Жиында қан айналымы жүйесі ауруларынан, жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету, сондай-ақ хирургиялық қызметтің сапасын арттыру мәселелері қаралды. Қалалық ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлерінің есебін тыңдаған шаһар басшысының орынбасары Е.Бабақұмаров инсульт, инфаркт, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін жарақаттармен күресу жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

«Өлім деңгейін төмендету бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс істеу қажет. Әр бас дәрігер аурудың өршуіне әсер ететін факторларды анықтап, өлім-жітімнің алдын алуға ықпал ететін шешімдерді табуы тиіс», — деді Ержан Бабақұмаров.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, медициналық жабдықтарды жаңарту арқылы көрсетілетін қызметтің сапасын көтеруге болады. Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда Алматының медициналық мекемелерін 90% заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген.

Бұдан өзге медқызметкерлердің білім сапасы мен біліктілігін арттыру, сондай-ақ болашақ дәрігерлерді даярлау мәселесі туралы айтылды. Кеңеске Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының м.а. А.Мадеева, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы бойынша филиалының директоры Т.Әбілдаев, ҚДСБ басшысының орынбасары А.Бисенбаева, ҚДСФ директорының орынбасары Ж.Кенжебаева қатысты. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша жүргізілген жұмыстары туралы №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерлері М.Рамазанов, қалалық жедел жәрдем ауруханасы С.Бейсенбеков, №12 қалалық емханадан Р.Сүлейменов, ҰОС бас дәрігері Н.Дәуренбекова, «Медиттера» ЖШС директоры С.Қоспанов, №21 қалалық емхана бас дәрігерінің м.а. Д.Тапалова және №18 ҚП бас дәрігерінің м.а. Б.Смағұлова баяндама жасады.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
Алматыда сауданы ұйымдастырудың бірыңғай Ережелері әзірленеді »»
22 қаңтар 2020 - 18:39
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауданы ұйымдастырудың жаңа Ережелерін әзірлеу, сондай-ақ маусымдық алаңдарды орналастыру туралы айтты.   Өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға сәйкес сауданы ұйымдастырудың Ережесі әзірленуде, онда сауданың стационарлық емес объектілерін (СЕО) орналастырудың негізгі талаптары мен орналастыру өлшемдері, бі...
Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді »»
21 қаңтар 2020 - 19:42
Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материал...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56