^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: 2020 жылы Алматының шетіндегі 120 шақырым жолдың құрылысы басталады
29 қараша 2019

ОКҚ-тегі брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылы Алматының шетіндегі 120 шақырым жаңа жолдың құрылысы басталатынын айтты.



Алматы әкімдігінің алдында тұрған қысқа мерзімді міндет – жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 75%-ға дейін жеткізу. Бүгінгі күні 231 көшедегі 54 шақырым жолдың құрылысы аяқталды.

«Ұзындығы 135 шақырым болатын 147 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы Алматының шетінде тағы 120 шақырым жолдың құрылысы басталады», — деп нақтылады Б. Сағынтаев.

Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі қоғамдық көліктің жұмысы. Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру – алматылықтардың өмір сүру деңгейін жақсартудағы басты міндеттердің бірі.

«Осыған орай біз қоғамдық көлік санын арттырамыз. Коммерциялық құрылымдар 172 автобус сатып алды. Қала бюджеті есебінен газбен жүретін тағы 260 автобус алынды», — деді қала әкімі Б. Сағынтаев және жаңарған автобус парктерінің 90%-ға жеткенін нақтылады.

Қалада барлық троллейбус желісін модернизациялау басталды. Әкімдік қоғамдық көліктің экологиялық таза түріне көшуге жете назар аударатын болады. Мысалы, көлік өте қажет және ұзын бағыттарға 10 электробус шығарылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Құрбан болған тұлғалар» көрмесінің ашылуы жайында »»
06 желтоқсан 2019 - 18:48
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ...
«Еститін мемлекет» осылай жұмыс істейді - Б. Сағынтаев аудандардың проблемаларын шешуде »»
06 желтоқсан 2019 - 18:50
Бүгін, 6 желтоқсанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесу өткізді.   «Еркін микрофон» форматындағы кездесу Кемел ықшамауданының мәдениет үйінде өтті, 23 тамызда болған кездесуде тұрғындар барынша өзекті мәселелерді көтерген еді. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалаға осыдан 5 жыл бұрын қосылған «Первомайский» поселкесінде ұзақ уақыт бойына дамыған коммуналды инфрақұрылым, су мен жол болған емес. Бүгінгі күні бұл проблемалар &laqu...
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
06 желтоқсан 2019 - 16:35
Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдындаөскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті. «Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде к...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56