^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда таяудағы екі жыл ішінде 13 мың орынға арналған жаңа мектептер ашылады – Б. Сағынтаев
29 қараша 2019

ОКҚ-дағы брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 29 қазандағы жұмыс сапары кезінде мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы проблемаларын шешу жөнінде берген тапсырмасының қалай жүзеге асатыны туралы айтты.



Бүгінгі күні Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 30 мыңды құрайды. Балабақшаларда орын тапшылығы — 20 мыңнан астам.

«Бұл проблемаларды шешу үшін мемлекеттік-жеке әріптестік қағидасы бойынша мектептер салу бағдарламасы әзірленді. Таяу арадағы екі жыл ішінде шамамен 13 мың орынды сегіз мектеп салынатын болады», — деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуы бойынша, 2020 жылдың басында 790 орынды бес балабақша пайдалануға беріледі, жаңа оқу жылында 1800 орынды екі мектеп және бұрыннан бар мектептердің жанынан 2017 орынды бес қосалқы нысан іске қосылады.

Бұдан өзге, бұл іске мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жолымен жеке бизнес тартылуда. 2020-2022 жылдары жеке инвестициялық есебінен 2240 орынды төрт мектепті, 8000 орынды 300 балабақшаны ашу жоспарлануда.

«Осылайша аталған шаралар екі ауысымда білім алатын мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға қысқартады, сонымен қатар, балабақша кезегін 10 мың орынға азайтады», — деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Құрбан болған тұлғалар» көрмесінің ашылуы жайында »»
06 желтоқсан 2019 - 18:48
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ...
«Еститін мемлекет» осылай жұмыс істейді - Б. Сағынтаев аудандардың проблемаларын шешуде »»
06 желтоқсан 2019 - 18:50
Бүгін, 6 желтоқсанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесу өткізді.   «Еркін микрофон» форматындағы кездесу Кемел ықшамауданының мәдениет үйінде өтті, 23 тамызда болған кездесуде тұрғындар барынша өзекті мәселелерді көтерген еді. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалаға осыдан 5 жыл бұрын қосылған «Первомайский» поселкесінде ұзақ уақыт бойына дамыған коммуналды инфрақұрылым, су мен жол болған емес. Бүгінгі күні бұл проблемалар &laqu...
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
06 желтоқсан 2019 - 16:35
Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдындаөскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті. «Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде к...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56