^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 28 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Алматының жаңа ықшамаудандары мен қалаға қосылған аймақтарда 35 дәрігерлік амбулаториялар ашылады
29 қараша 2019

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қалалықтарды «қадамдық жақындықта» әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін медицина сапасын арттыру жөнінде қандай шаралардың жүзеге асатыны туралы айтты.



Қала медицина саласындағы нақтылы істі анықтау үшін барлық медициналық мекемелерге аудит жүргізілді. Емханалар мен ауруханалардағы 30 мыңнан астам жабдықтардың 10 мың техникалық бірлігі моральдық және физикалық жағынан тозған.

«Осыған орай, әрбір медицина ұйымдары және аудандар бойынша жабдықтарды модернизациялаудың үш жылдық жоспары әзірленді. Медициналық жабдықтарды сатып алуға 60 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарлануда. 2020 жылдың өзінде 20 млрд. теңгенің жабдықтары алынатын болады», — деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан өзге «қадамдық жақындық» қағидасы бойынша таяудағы үш жыл ішінде жаңа ықшамаудандар мен қалаға қосылған аумақтарда 35 дәрігерлік амбулаториялар ашылады. Олардың жетеуі қазірдің өзінде жұмыс істеуде. Жыл аяғына дейін тағы үшеуі ашылады.

Алатау ауданында қарашада Жедел медициналық көмек қызметінің жаңа қосалқы стансасы ашылды, осының арқасында Әуезов және Алатау аудандарының сырқаттарына дәрігерлік бригадалардың бару уақыты 25 минуттан 11-13 минутқа дейін қысқарды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыдағы білім жүйесі қалай жұмыс істейді
28 мамыр 2020 - 16:23
Биыл қала бойынша 9299 түлек 11 сыныпты аяқтағалы отыр. Олардың 545-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Оларға «Аттестат тапсыру» рәсімі 3-4 маусым күндеріне жоспарланған.   Бұл туралы қала әкімдігінде өткен брифинг кезінде Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты.   Белгілі болғандай биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу online режимінде өткізілген. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі ны...
28 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
28 мамыр 2020 - 15:19
Кіреберістер мен аулалар бойынша 27 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 436 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,9 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 18 кезеңі аяқталды. 28 мамырда 19 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 27 мамыр күні...
28 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
28 мамыр 2020 - 11:59
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр. Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш. Бостандық ауданы бойынша: әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шаршы аумағы. Жетісу ауданы...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz