^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 28 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев — Алматыда 2020 жылдан бастап кәсіпкерлікті дамытуға жыл сайын 30 млрд тг бағыттау жоспарланған
29 қараша 2019

 

Алматы әкімдігі кәсіпкерлік қызметке алматылықтарды кеңінен тартуға баса назар аудармақ. Бұл туралы қала әкімі Б.Сағынтаев ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейтін 2/3 алматылықты жұмыспен қамтамасыз етеді және жиналған салықтардың 63%-ын әкеледі. Қала экономикасындағы ШОБ-тың рөлі шағын бизнестің КТС жергілікті бюджетке берілгеннен бері маңызы артты.

«Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа «Алматы Бизнес 2025» бірыңғай өңірлік бағдарламасы әзірленді. Қаланың бес ауданында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталықтарының бөлімшелері құрылды. Мұнда бизнесмендер «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтің 525 түрін ала алады. Бұл – көрсетілетін қызметтердің мерзімін қысқартып, қолжетімділігін арттырады», - деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Бизнес үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру мақсатында «Алматы» ӘКК базасында жалпы капиталы 2019 жылы 3 млрд. теңге болған AlmatyFinance компаниясы және «Almaty» микроқаржы ұйымы құрылды.

Бұл ретте қаланы теңгерімді дамыту үшін сараланған мөлшерлеме қолданылады: көпбалалы әрі аз қамтылған отбасылар мен өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін 2%, ал қалған аудандар үшін 7%. ШОБ жобаларын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру үшін «Даму» қорымен бірлесіп тепе-тең негізде қосымша 2 млрд. теңге бөлінді. Келесі жылы осы бағыт шеңберінде тағы 10 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар (БЖК-2020, АӨК) аясында 554 ШОБ жобасы қаржыландырылды, 4,4 млрд. теңге көлемінде субсидия төленді.

«Жалпы, ШОБ қаржылық қолдаудың жалпы көлемін ағымдағы жылы 4,5 млрд. теңге, келесі жылдан бастап 30 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр», – деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.
Жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттарға түрлі форматтағы оқыту курстары өткізіледі. Қыркүйек айынан бастап мотивациялық курстар басталды. Оқулар ағымдағы жылдың соңына дейін 75 мың адамды, ал келесі жылы 200 мың адамды қамтымақ.
«Бастау Бизнес», «Жас кәсіпкер», «IskerAna» қалалық оқыту бағдарламалары белсенді іске асырылуда. 2000-нан астам көпбалалы ана кәсіпкерлік курстарынан өтті. Өз ісін ашу үшін 155 адам грант пен 77 құрал-жабдық алды. Осылайша 230 көпбалалы ана өз ісін бастады. Жыл соңына дейін көпбалалы аналарға мыңнан астам грант және жылдық үстемесі 2% болатын 150-ге жуық жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып отыр. Бұл жұмыс алғашқы нәтижесін беріп үлгерді. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 10 айда 8,9%-ға өсіп, 190 мыңнан астам адамды құрады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыдағы білім жүйесі қалай жұмыс істейді
28 мамыр 2020 - 16:23
Биыл қала бойынша 9299 түлек 11 сыныпты аяқтағалы отыр. Олардың 545-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Оларға «Аттестат тапсыру» рәсімі 3-4 маусым күндеріне жоспарланған.   Бұл туралы қала әкімдігінде өткен брифинг кезінде Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты.   Белгілі болғандай биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу online режимінде өткізілген. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі ны...
28 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
28 мамыр 2020 - 15:19
Кіреберістер мен аулалар бойынша 27 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 436 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,9 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 18 кезеңі аяқталды. 28 мамырда 19 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 27 мамыр күні...
28 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
28 мамыр 2020 - 11:59
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр. Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш. Бостандық ауданы бойынша: әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шаршы аумағы. Жетісу ауданы...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz