^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Алматының зәкірлі инвесторларымен құны 7,5 млрд болатын 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
29 қараша 2019

Қала әкімі Б.Сағынтаев ОКҚ өткен брифингте қаланы дамыту үшін инвестиция тартудың шаралары туралы мәлімдеді. Алматы елдегі бизнес жүргізу үшін ең қолайлы аймақ болып табылады.

 

Doingbusiness қосалқы ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша ел аймақтары арасында Алматы бірінші орынға ие болды.
«Тағы бір ескеретін жәйт – осы жылдың қыркүйек айында Fitch агенттігі біздің қалаға Қазақстанның егемен рейтингі деңгейінде «ВВВ» несиелік рейтингін берді. Ол инвестиция үшін тәуекелдердің төмен деңгейін білдіреді және қала үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Ірі зәкірлі инвесторларды тарту үшін оның құрылымында AlmatyInvest құра отырып, «Алматы» ӘКК қызметі қайта құрылды. Бүгінгі күні құны 7,5 млрд. доллар болатын 58 инвестициялық жоба жұмыс істеуде.

«Бізге әлемдік инвестициялық радар картасына кіру қажет. Жақында Алматыда өткен инвестициялық форум инвесторлардың біздің мегаполиске және оның даму жоспарларына деген үлкен қызығушылығын көрсетті. Біз осы бағытта белсенді жұмыс істейміз», – деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашада AlmatyInvestment Forum-2019-ға 700-ден астам іскер топ өкілдері тіркелді, оның ішінде 142-і шетелдік, 126-і Қазақстандағы халықаралық компания өкілдері. Форум қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар арасында 2,3 млрд. доллар сомаға ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы 30-дан астам меморандумға қол қойылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Құрбан болған тұлғалар» көрмесінің ашылуы жайында »»
06 желтоқсан 2019 - 18:48
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ...
«Еститін мемлекет» осылай жұмыс істейді - Б. Сағынтаев аудандардың проблемаларын шешуде »»
06 желтоқсан 2019 - 18:50
Бүгін, 6 желтоқсанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесу өткізді.   «Еркін микрофон» форматындағы кездесу Кемел ықшамауданының мәдениет үйінде өтті, 23 тамызда болған кездесуде тұрғындар барынша өзекті мәселелерді көтерген еді. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалаға осыдан 5 жыл бұрын қосылған «Первомайский» поселкесінде ұзақ уақыт бойына дамыған коммуналды инфрақұрылым, су мен жол болған емес. Бүгінгі күні бұл проблемалар &laqu...
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
06 желтоқсан 2019 - 16:35
Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдындаөскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті. «Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде к...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56