^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 28 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: «Болашақ Алматыда» барлық аудандар бірыңғай дамыған әрі ондағы өмір сүру деңгейі де жоғары болмақ
29 қараша 2019

 

Алматының алдында тұрған басты мақсат – өмір сапасы мен бизнес жүргізу шарттары бойынша әлемнің үздік 100 қаласына кіру.

 

 

Бұл туралы ОКҚ брифингінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. «Жол картасының» басты мақсаты – қаланы дамытудың орта мерзімді және стратегиялық жоспарлары болып табылады. Ол үшін үш негізгі құжат әзірленді.
"Бірінші құжат – 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматының» кешенді жоспары. Ол ел Президенті К.-Ж. Тоқаевтың «шеті жоқ қала» және «әлеуметтік инфрақұрылым қадамдық қолжетімділікпен» деген қағидаттарына негізделген", — деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Бұл жоспарды жүзеге асыру арқылы қала тұрғындарының мектепке, аурухана, балабақша, көшелер мен аулаларды жарықтандыруға, сумен қамтамасыз етуге деген базалық қажеттілікті шешуге мүмкіндік береді.

"Бұл таяудағы бес жыл ішінде 800 млрд. теңгеден астам көлемде инфрақұрылымға инвестиция салуды көздейтін теңдессіз ауқымды жоспар", – деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Екінші құжат «Үлкен Алматы» деп аталатын Алматы агломерациясын дамытудың өңіраралық жоспары. Ол Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп жасалған.
«Қазір «Үлкен Алматыда», яғни қала мен қала маңындағы аудандарда 3 млн. адам тұрады. Біздің бағалауымызша, 2030 жылға қарай мұнда 5 млн.адам болады», — деп түсіндірді Б. Сағынтаев.
Алдағы 5 жылда инженерлік инфрақұрылымы бар тұрғын үйдің бір шаршы метрі 20 млн. кв-дан асатын құрылыс салу жоспарлануда. Ол үшін Алматы облысымен бірге мектептер, балабақшалар, емханалар, медициналық жедел жәрдем пункттері, ауруханалар құрылысына қажетті жер алқаптары анықталды. «Үлкен Алматы» үшін маңыздысы – көлік инфрақұрылымы. Жоспар аясында БАКАД айналма жолына алты радиалды көшені тесу көзделіп отыр. Көлік қатынасын ұйымдастыру қала аумағында үш көлік-көшіру хабын, облыстың бес елді-мекенінде автовокзал салуды көздейді. Жақын арада Батыс және шығыс бағытта Ұзынағаш, Қаскелең, Талғар және Есік елді-мекендеріне дейін қала маңындағы электр энергиясының қозғалысын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Агломерация шеңберіндегі бірлескен жұмыстың маңызды бағыты — азық-түлік белдеуін ұйымдастыру. Алматы жыл сайын 1 млн.тонннан астам өнімді тұтынады. Соның тек 60%-ын Алматы және Алматы облысы компаниялары жеткізеді. Өнімді өндіру, қайта өңдеу және сақтау бойынша коммерциялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Тек қала айналасында төрт көтерме-тарату орталығы, екі ет комбинаты, жеті жылыжай, екі сүт фермасы салынады. Үшінші және ең маңызды құжат – Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген «Алматы-2050» ұзақ мерзімді Даму стратегиясы. Құжатта қаланың бар күшті жақтары мен сын-қатерлері талданып, қала дамуының жеті негізгі стратегиялық бағыттары анықталды.
«Алматының болашағына қатысты көзқарасымыз – бұл шеті жоқ қала. Онда барлық аудандар бірдей жақсы дамыған және бәрінде де өмір сүру деңгейі жоғары болады. Алматының өсуі көп орталықты болады және олар қаланың әр түрлі бөліктеріндегі бірнеше аймақтарда шоғырланады, тығыз, әртүрлі құрылымдарымен жеткілікті деңгейде жинақы болады. Олар транзиттік-бағдарлы даму қағидаты бойынша қоғамдық көліктің тармақталған және көп модалы желісімен өзара байланысты болмақ, — деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыдағы білім жүйесі қалай жұмыс істейді
28 мамыр 2020 - 16:23
Биыл қала бойынша 9299 түлек 11 сыныпты аяқтағалы отыр. Олардың 545-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Оларға «Аттестат тапсыру» рәсімі 3-4 маусым күндеріне жоспарланған.   Бұл туралы қала әкімдігінде өткен брифинг кезінде Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты.   Белгілі болғандай биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу online режимінде өткізілген. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі ны...
28 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
28 мамыр 2020 - 15:19
Кіреберістер мен аулалар бойынша 27 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 436 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,9 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 18 кезеңі аяқталды. 28 мамырда 19 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 27 мамыр күні...
28 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
28 мамыр 2020 - 11:59
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр. Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш. Бостандық ауданы бойынша: әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шаршы аумағы. Жетісу ауданы...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz