^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 28 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: біз жаңа технологиялық буынның тауарлары мен қызметтерінің пайдасы жолындағы құрылымдық реформалар үстіндеміз
29 қараша 2019

ОКҚ-да өткен брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қала мен әрбір алматылықтың әл-ауқатын арттыру үшін мықты экономикалық базаның құрылуы туралы мәлімдеді.

 

Мегаполисті дамытудың стратегиялық жоспарындағы басты бағыттардың бірі – Алматыдағы экономиканың құрылымдық реформасы болып табылады. Бүгінде қала экономикасының 30%-ға жуығында көтерме және бөлшек сауда көш бастап тұр. Содан кейін жылжымайтын мүлік операциялары шамамен 10% және қаржылық операциялар - 9%. Өнеркәсіп, құрылыс, әлеуметтік экономика және жаңа индустрияның үлесі шамалы.

«Мұндай жағдайда қала тез дамымайды. Бұл қаланың экономикалық жүйесінің әлсіз тұстары. Сондықтан біз жаңа технологиялық буын тауарлары мен қызметтерінің пайдасына құрылымдық реформаларға барамыз», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Айтуынша, басты тұтас құрылымдық маневр қала мен әрбір алматылықтың әл-ауқатын арттыру үшін берік экономикалық база құру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда өткен AlmatyInvestment Forum-2019-да алдағы жылдары «Алматы-2050» стратегиясына сәйкес Алматыда экономиканың қандай салалары қарқынды дамитынын атап өткен болатын.

Біріншіден, мегаполистің жаһандық іскерлік орталық, Жаңа Жібек жолындағы көлік-логистикалық және туристік аймақ ретінде қалыптасуы мақсатында өңірлік және халықаралық нарықтарда көрсетілетін қызметтері талап етілетін білім мен жоғары біліктілікті талап ететін салалар дамитын болады. Бұл — қаржы және сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, логистика және дистрибуция.

Екіншіден, Алматы қаласының құрылыс кешені — тұрғын үй жылжымайтын мүлік, медициналық және білім беру инфрақұрылымы, жол құрылысы мен коммуналдық шаруашылық, демалыс және ойын - сауық объектілері инвестициялар үшін тартымды болып табылады.

Үшіншіден, Алматының экономикалық өсуінің маңызды драйвері болып әлеуметтік экономика болып табылады. Ең алдымен, әңгіме білім беру және денсаулық сақтау салалары туралы болып отыр.

Төртіншіден, Алматы экономикасының өсу драйвері ретінде туризм болып қала береді. Өткен жылы мегаполиске миллионнан астам адам келді. Туристік сала оқиғалық, іскерлік, спорттық, сауықтыру және мәдени – білім беру туризмін қоса алғанда, туризм индустриясының қазіргі заманғы қағидаттары негізінде дамитын болады. Әлемдік мегаполистердің тәжірибесі турағындардың қайда баратынын, онда қандай инвестициялар құйылатынын көрсетті. 2050 жылға қарай қаланың ЖӨӨ-дегі туризм үлесі 6%-ға жетуі тиіс.

Бесіншіден, Алматы жоспарлау мен құрылыс салуда, тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз етуде, қауіпсіздік, көлік, білім беру, халықтың денсаулығы салаларында, қаланы қалалықтармен бірлесіп басқаруда үздік әлемдік смарт-тәжірибелерді қолданатын «ақылды қала» ретінде дамитын болады. Қала экономикасының жаңа индустриясын цифрландыруға елеулі үлес жасалады; электронды коммерция мен төлемдер, блок, интернет-заттар, үлкен деректер және т.б. сияқты перспективалы салаларды дамыту үшін платформалар құру.

Алтыншыдан, Алматы — бүкіл әлемнің инвестициялары мен таланттарын өзіне тартатын «білім экономикасы» инновациялар мен жаңа индустриялар орталығы ретінде дамитын болады.

Біздің қаламызда әлеуеті жоғары сегіз негізгі креативті индустрия анықталды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыдағы білім жүйесі қалай жұмыс істейді
28 мамыр 2020 - 16:23
Биыл қала бойынша 9299 түлек 11 сыныпты аяқтағалы отыр. Олардың 545-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Оларға «Аттестат тапсыру» рәсімі 3-4 маусым күндеріне жоспарланған.   Бұл туралы қала әкімдігінде өткен брифинг кезінде Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты.   Белгілі болғандай биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу online режимінде өткізілген. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі ны...
28 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
28 мамыр 2020 - 15:19
Кіреберістер мен аулалар бойынша 27 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 436 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,9 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 18 кезеңі аяқталды. 28 мамырда 19 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 27 мамыр күні...
28 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
28 мамыр 2020 - 11:59
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр. Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш. Бостандық ауданы бойынша: әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шаршы аумағы. Жетісу ауданы...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz