^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
06 желтоқсан 2019

Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.

Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдындаөскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті.

«Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде кетпеуі үшін олардың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров.

Форумда Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы талқыланды. Құжатта әрбір мұсылманның жеті қасиеті көрініс тапқан.

«Патриотизм Отанға, ана тіліне, дәстүр мен мәдениетке деген құрметтен бастау алады. Патриотизм шыңы – бұл өз ұлтына деген сүйіспеншілік», - деді Серікбай кажы Ораз.

Кездесуге Нұр–Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шахад Абдулхамид Мұхаммад аль-Джинди, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Байділдаұлы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ аппаратының басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы, профессор Ықтияр Молдатөреұлы, Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай, имамдар және университет студенттері қатысты.








  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
Алматыда сауданы ұйымдастырудың бірыңғай Ережелері әзірленеді »»
22 қаңтар 2020 - 18:39
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауданы ұйымдастырудың жаңа Ережелерін әзірлеу, сондай-ақ маусымдық алаңдарды орналастыру туралы айтты.   Өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға сәйкес сауданы ұйымдастырудың Ережесі әзірленуде, онда сауданың стационарлық емес объектілерін (СЕО) орналастырудың негізгі талаптары мен орналастыру өлшемдері, бі...
Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді »»
21 қаңтар 2020 - 19:42
Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материал...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56