^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 7 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
«Құрбан болған тұлғалар» көрмесінің ашылуы жайында
06 желтоқсан 2019

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллин мен ауызша әңгіменің хас шебері, сатирик-жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

Тарихи деректерге сүйенсек, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам Кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар зиялы қауым өкілдері ұшыраған. Бар өмірін қазақ халқының руханиятына арнаған тұлғалардың 125 жылдығына арналған іс-шаралар ел көлемінде кешенді қолға алынуда.Орталық музейде ұйымдастырылып отырған көрменің негізгі мақсаты - 30-40 жылдары құрбан болған зиялы қауымның азаматтық тұлғасымен таныстыру, өзге де дара тұстарын өскелең ұрпаққа насихаттау.

Көрмеге Орталық музей қорындағы І.Жансүгіровтың, С.Сейфуллин, Б.Майлиннің жеке кешендеріндері, сонымен қатар замандастары - Т.Рысқұлов, С.Қожановтың мұрағаттан алынған материалдары қойылады. Сондай-ақ келушілер назарына  сол жылдардағы зиялы қауымның жұмыс кабинетінің көрінісі мен С.Сейфуллиннің жеке мөрі, алтын сағаты, портсигары, сакваяжы және т.б.  заттары ұсынылады, - деп қорытындылады сөзін Гулсара Жапақова.  Көрме ҚР Президентінің архиві, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты және «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі 14%-ке өсетін болады »»
07 тамыз 2020 - 21:41
Алматы әкімі Б. Сағынтаев онлайн-кездесу барысында құрылыс компанияларының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады   Алматы үшін құрылыс саласының маңызы зор, өйткені қала өсуде, дамуда, тұрғындардың саны артуда. Осының бәрі тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалардың, бала бақшалардың, қоғамдық кеңістіктердің, тиісті инфрақұрылымдардың салынуын қажет етеді.   Қала әкімі соңғы жылдар ішінде мегаполисте жыл ішінде құрылыс көлемінің орташа 3-5%-ке тұрақты өсіп отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні қ...
Провизорлық бөлім қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек шарттары жасалған, науқастар барлық дәрілермен қамтамасыз етілген – Алматыдағы медициналық орталық директоры  »»
06 тамыз 2020 - 20:13
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» қандай режим мен қандай қарқында қызмет етіп жатқанын осы медициналық мекеменің директоры Ғани Бодықов айтты. Бүгінгі таңда кардиохирургтер коронавирус пандемиясына байланысты өз пациенттерін сәтті емдеуден бұрын, өздерінің де қауіпсіздіктеріне де көп көңіл бөлулері керек.   Сол себепті күн сайын барлық қызметкерле...
Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді »»
06 тамыз 2020 - 19:43
Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.   «Жыл соңына дейін электр қуатының тарифы  өспейді», - деп сендірді Ә. Масабаев. Сонымен қатар, ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін,  қалада жылыту  маусымына дайындалып жатқандығын атап өтті.   «Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу маги...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz