^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 7 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет
09 желтоқсан 2019

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асқан алғашқы шаралардың бірі – патрульдеуді күшейту және полицияның мобильді пункттері, қазір нақтылы нәтижелерге қолжетуде.

 

Бүгін Алматы әкімдігінің аппараттық жиынында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар мәселелері қаралды. Бұрындары, ағымдағы жылдың 29 шілдесінде қала әкімі Б. Сағынтаев полиция департаментіне криминогенді жағдайға сараптама жүргізуді, барынша күрделі учаскелерді анықтауды, патрульдеуді күшейтуді және полицияның мобильді пункттерін құруды тапсырған еді.

Алматының полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік сайын полицияның 1650 қызметкері 550 бағыт бойынша патрульдеу жүргізетінін баяндады. Барынша криминогенді 32 учаскеде патрульдеу қызметкерлерінің саны 350 адамға дейін көбейді. Бұл мұнда қылмысты 17,4 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Аталған учаскелерде қылмысты «ізін суытпай» ашу 11,8 пайызға артты.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша ашылған полицияның 23 мобильді пунктіне қазірдің өзінде 2,5 мың адам жүгінген, бұларға құқықтықтан өзге заңнамалық көмек те көрсетілген. Мұндай пункттердің саны 32-ге дейін жететін болады әрі олар адамдар көп жиналатын жерлерге орнатылады.

Жалпы, криминогенді учаскелерде патрульдеуді күшейту және полицияның мобильді пункттерін құру қала бойынша қылмыс деңгейін 11%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
«Тәртіп бұзудың белсенді түрде алдын алудың құрамына бағыттарды түзету және қылмыс жасалған жердегі немесе өзге учаскедегі қылмыстың деңгейіне сай патрульдеуді күшейту сынды кешенді шаралар енген. Қауіпсіздік басым бағыттардың бірі болғандықтан алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасатын болады», - деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Провизорлық бөлім қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек шарттары жасалған, науқастар барлық дәрілермен қамтамасыз етілген – Алматыдағы медициналық орталық директоры  »»
06 тамыз 2020 - 20:13
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» қандай режим мен қандай қарқында қызмет етіп жатқанын осы медициналық мекеменің директоры Ғани Бодықов айтты. Бүгінгі таңда кардиохирургтер коронавирус пандемиясына байланысты өз пациенттерін сәтті емдеуден бұрын, өздерінің де қауіпсіздіктеріне де көп көңіл бөлулері керек.   Сол себепті күн сайын барлық қызметкерле...
Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді »»
06 тамыз 2020 - 19:43
Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.   «Жыл соңына дейін электр қуатының тарифы  өспейді», - деп сендірді Ә. Масабаев. Сонымен қатар, ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін,  қалада жылыту  маусымына дайындалып жатқандығын атап өтті.   «Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу маги...
Алматылықтар үйлерін газбен жабдықтау үшін пайыссыз несие алады »»
06 тамыз 2020 - 19:15
Бүгінгі таңда қалада 2800-ге жуық жеке тұрғын үйлер газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Осы жылдың басында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен үйлерді газбен жабдықтау үшін екінші деңгейлі банктер арқылы несие беру мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берді. Әкімдіктің бұл бастамасын Халық банкі қолдады.  Осыған байланысты Халық банкімен бірлескен жұмыс басталды. Алматы қаласы тұрғындарына газды қосу үшін пайызсыз несие беру туралы келісім жасалды. «Халық Банктің Бас кеңсесі экологиялық жағ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz