^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдығы аталып өтуде
09 желтоқсан 2019

Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының және «Қазақ әдебиеті» газетінің 85 жылдығы құрметіне салтанатты шара өтті.

 

Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев пен Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушылар қауымдастығының рөлі мен маңызы туралы құттықтау сөздерін айтты.

Одақтың 820 мүшесінің 360-ы Алматыда тұрады. Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Жазушылар одағы үйіне күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұдан өзге, шығармашылық қызметкерлерге қолдау көрсету және ынталандыру аясында қала әкімінің гранттары белгіленді. 500 мың көлеміндегі алғашқы 90 грант таңдаулы жас ақындарға, жазушылар мен сыншыларға берілді. Тағы 60 грант биылғы жылдың соңында тапсырылатын болады. Гранттарға үміткерлерді Қазақстан Жазушылар одағының комиссиясы анықтайды.

«Әдебиет қайраткерлері халықтың рухани мұрасын құрайтын тарихты, дәстүрді, тілді күні бүгінге дейін көздің қарашығындай сақтап келді және солай болып қала береді», - деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Шара барысында мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлованың құттықтауы оқылды. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет және жазушы әрі ақын О. Сүлейменов, актер, театр мен кино режиссері А. Әшімов және басқалары баяндамалар жасады.

Осы күні қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһар басшысы Б. Сағынтаевтың атынан «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттау рәсімін өткізді. Әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін жазушылар мен ақындар Жүсіпбек Қорғасбек, Мыңбай Рәш, Молдахмет Қаназ, Зайда Елгондинова, Кәдірбек Сегізбай, Серік Қирабаев, Бексұлтан Нұржекеев марапатталды.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
Алматыда сауданы ұйымдастырудың бірыңғай Ережелері әзірленеді »»
22 қаңтар 2020 - 18:39
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауданы ұйымдастырудың жаңа Ережелерін әзірлеу, сондай-ақ маусымдық алаңдарды орналастыру туралы айтты.   Өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға сәйкес сауданы ұйымдастырудың Ережесі әзірленуде, онда сауданың стационарлық емес объектілерін (СЕО) орналастырудың негізгі талаптары мен орналастыру өлшемдері, бі...
Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді »»
21 қаңтар 2020 - 19:42
Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материал...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56