^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін жүзеге асыру
10 қаңтар 2020

Алматыдағы өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев ҚР Президентінің Жолдауын орындау аясында 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа тәсілдерін жүзеге асыру туралы әңгімеледі.

 

Баспасөз мәслихатына Алматы қаласы әлеуметтік әл- ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева, Еңбек, әлеуметтік қорғау, көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдын Керімбек қатысты.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың тетіктерін қайта қарауды,ашықтық пен еңбекке деген ынтаны дамытуды тапсырған болатын. Басты қағида – мемлекет қолдауға зәру жандарға ғана көмектеседі.

АӘК-тің жаңа моделінде мыналар қарастырылған:

АӘК тоқсан сайын тағайындауды қайтару; отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырманы анықтау; ұсынылған жұмыстан бас тартқан еңбекке жарамды азаматтарға талапты күшейту, бала күтімінде отырған аналарға бала үш жасқа келгенде еңбекпе қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру; учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша АӘК берілмейтін отбасыларға жәрдемақыны төлемеуді заң жүзінде бекіту және басқалары.

Бірінші – көпбалалы отбасыларды жеке санатқа енгізу әрі оларға оларға жаңа жәрдемақы тағайындау. Мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар барлық отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Жәрдемақы көлемі әр балаға 10 625 теңгеден келеді. Мысалы, 4 баласы бар отбасыға төленетін жәрдемақы көлемі 42500 теңге, 5 балаға – 53125 теңге, 6 балаға – 63750 теңге, 7 балаға 73375 теңге   беріледі.

Екінші – АӘК-тің классикалық моделін қайтару. Алматы қаласында 2019 жылдың қорытындысы бойынша 12183 отбасы АӘК алады. Жәрдемақы негізінен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғыбасты аналарға беріледі. АӘК алатындардың ішінен 424 адам еңбекпен қамтудың белсенді шараларын қамтылған. Аз қамтылған отбасыларға АӘК төлеу жалғасады. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болуы тиіс. Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа форматтағы АӘК алу үшін өтініш беру алфавиттік тәртіп бойынша жүргізіледі. Алматыда АӘК алу үшін өтінішті Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының 8 аудандық бөлімшелері мен Еңбекпен қамту орталығында қабылдайды.

Айта кетерлігі, АӘК өітініш берілген күнге қарамастан, толық айға төленеді. Мысалы, егер өтініш 15 қаңтарда немесе айдың соңғы күні берілсе, онда төлемді толық айға есептеледі. Сонымен қатар, өтініші берушілердің барлығында кем дегенде 6 айлық тұрақты немесе уақытша тіркеулері болуы қажет.

Оның үстіне, С. Тұяқбаев айтып өткендей, еңбекке жарамды, бірақ ұсынылған жұмыстан бас тартқан отбасыларға АӘК тағайындалмайды және балаларға белгіленген жәрдемақы берілмейді.

Үшінші – кепілдемелі әлеуметтік топтама енгізіледі. 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап көпбалалы отбасыларға қосымша кепілдемелі әлеуметтік топтама беріледі. Аталған жиынтыққа балалардың физиологиялық ерекшеліктерін, жасын ескере отырып, қажетті азық-түлік тағамдары енгізілген.

Топтамада мыналар болады: мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар тағамы және гигиеналық заттар; мектеп жасындағы балалар үшін мектеп формасы, мектепте ыстық тағам беріледі, қоғамдық көліктегі жолақының 50 пайызы төленеді. Нәтижесінде, егер отбасы бұған дейін мемлекеттен әр балаға 21 мың теңге көлемінде жәрдемақы алған болса, онда осы топтамаларды қосып есептегенде жәрдемақы көлемі 30 мыңға дейін жетеді. Оның үстіне, 2-3 баласы бар отбасыларға орта есеппен 10 мың теңгеден берілсе, қалғандары кепілдемелі топтама негізінде 10 теңгеден алатын болады.

Алматы қаласында бағдарламаның әкімгері – Әлеуметтік-әл ауқат басқармасы, операторы – «Аматы» ӘКК. Сапарбек Тұяқбаев Алматыда 2019 жылы осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы жоспарлар туралы айтты. 2019 жылдың қорытындысы бойынша АӘК 12183 отбасыға (62454 адам) берілген, төленген ақша көлемі 7 121,2 млн. теңге. АӘК жаңа тетіктері бойынша 50,4 мың адамға кеңес берілді, 15455 отбасыдан (77 112 адам) өтініш қабылданды.

«Өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің қолжетімді баспана беру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 661 көпбалалы отбасыға пәтер бөлінді, оның 10 пәтеріне демеушілер көмек көрсетті. «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар үшін 284 пәтер алынды», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Айта кетерлігі, білім желісінде бала бақшалардағы көпбалалы отбасылардың (2-ші баладан бастап) 564 баласының тағамы төленеді, мектептердегі 22126 оқушы «Всеобуч» қоры есебінен тегін тамақтанады. Қазіргі кезде көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формасы және кеңселік қажетті тауарлар алу үшін 575 млн. 276 теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қарастырылуда.

Алматы әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевтың хабарламасы бойынша биылғы жылы «Бақытты отбасы» орталығы және әйелдерді кәсіпкерлікке баулитын «ІSKER ANA» бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады. 500-ден астам отбасы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша пәтермен қамтамасыз етіледі.

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында 5692 отбасы болды, 3686 бала әлеуметтік ұстаздардан білім алды. 776 адам заңгерлердің, 3766 адам әлеуметтік қызметкерлердің, 1166 адам медицина қызметкерлерінің, 567 адам психологтың көмегіне жүгінді. Көпбалалы аналарға балаларымен бірге бассейндер мен фитнес-залдарға бару үшін 1 298 сертификаттар берілді», - деді Алматы әкімінің орынбасары С. Тұяқбаев.

Өткен жылдың тамызынан бастап қаланың барлық аудандарында «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс жасауда, мұнда әйелдерді кәсіпкерлікке үйрететін «ІSKER ANA», бағдарламасының базалық тренингтерінде ( жеке тұлға, бала тәрбиесі, көшбасшы, отбасылық құндылықтар) 13 474 адам болды, (жоспар 6 545 адам), 6900 курстардан өтті.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда дәрі-дәрмек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды »»
07 шілде 2020 - 23:20
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмектердің дәріханаларға жеткізілуі және оның қажетті қоры туралы мәлімдеді.   Бұл ретте өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында дәріханаларда орын алған дүрлікпеге қатысты жағдайға да түсініктеме берді. «Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препараттар, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және ...
Күшейтілген карантин кезінде Алматыдағы қоғамдық көліктердің жұмысы туралы »»
07 шілде 2020 - 19:21
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов қоғамдық көліктердің қазіргі жұмыстары туралы айтты.   Қатаң карантин кезеңіне шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктердің жұмыс режимі жұмыс күндері 22.00-ге дейін қысқарды. Бұған дейін, қоғамдық көліктердің жұмысы 23.00-ге дейін жалғасатын. Бұдан бөлек, демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы толығымен тоқтатылды, соның ішінде кор...
Бауырлас қалалар басшылары арасындағы келісім аясында мәскеулік дәрігерлер бригадасы Алматыдағы стационарлар базасында COVID-19-ға қарсы күреске қатысатын болады »»
07 шілде 2020 - 12:09
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев аппараттық кеңесте коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия  мүшелеріне екі мегаполис мэрлері арасындағы келісім бойынша кеше қалаға келген мәскеулік мамандар бригадасының басшысын Мәскеу қаласы Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Алексей Токаревті таныстырды.   Қазіргі кезде коронавирус пандемиясына қарсы бірлесіп күресудің жобасы қолға алынуда. Бұл жобаны Алматы әкімдігі тарапынан әкімнің орынбасары Ержан Бабақұма...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz