^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Барлық қаражат жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған – Алматы полициясы «Сергектің» жұмысы туралы
10 қаңтар 2020

Алматыда жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтті, оның жұмысына Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев, «Сергек» жобасын басқару бойынша директор Бибігүл Айтүкенова, сонымен қатар сараптама қоғамдастығы мен жұртшылық өкілдері: тәуелсіз Автомобиль одағының төрағасыЭдуард Александрович Эдоков, қоғам өкілі Думан Қапасов қатысты.

 

Алматыдағы жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сергек» фотовидеофиксация мен талдау жобасы енгізіліп, 400 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Аталған жобаны мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында Алматы қаласының полиция департаменті және қазақстандық ІТ компаниямен бірге «Көркем Телеком» ЖШС жүзеге асыруда. Бүгінгі күні барлық қондырғылар Алматы қаласының полиция департаментіне берілген.

Алматыдағы аппараттық-бағдарламалық кешендер мынадай ЖКО түсіріп алады, олар:

-         жылдамдықты асыру;

-         бағдаршамның тыйым салған дыбысын елемеу;

-         жолақ талабын бұзу, тоқтау желісінен өту;

-         қоғамдық көлікке бөлінген жолаққа шығып кету.

Бұлардан өзге, «Сергек» жүйесі жаяу жүргіншілердің реттелмеген өтпелі жолдарын бақылайды.

«Әкімшілік айыппұлдар ең соңғы тиынына дейін мемлекеттік бюджетке түседі. Өзге өңірлерде жол-көлік оқиғалары азайды», -деді БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев. Түскен қаражаттың барлығы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына жұмсалуда.

Ж. Мұраталиев өзінің сөзінде ЖКО санының артуы салдарынан апат жиі болатын жерлерге «Сергек» кешенін орнату туралы шешім қабылданғанын айтты. Мұнда азаматтардың ұсыныстары да ескерілді. Олардан 30 мыңнан астам ұсыныс түскен.

«Сергек» жүйесі жолдағы жағдайды «жасанды интеллект» және компьютерлік көру арқылы талдайды. Әрбір аппараттық-бағдарламалық кешендегі қысқа және жалпы бағытты шолу камералары тек қозғалыс бөлігін ғана емес, қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті де бақылайды. Жол–көлік қозғалысы бұзылған жағдайда мәліметтер жол қозғалысы қауіпсіздігінің автоматты ақпараттық жүйесіне беріледі, әкімшілік полиция оны тексерген соң ғана тәртіп бұзғандарға айыппұл төлеу үшін жіберіледі.

Бұрындары мұндай жоба Нұр-Сұлтан қаласында қолға алынған еді. «Сергек» жобасын басқару бойынша директор Бибігүл Айтүкенова жыл ішінде ЖКО бойынша адам өлімі деңгейінің екі есе қысқарғанын айтты.

Өз кезектерінде сараптама қоғамдастығы мен жұртшылық өклдері де «Сергек» жүйесінің жұмысы маңызды екенін атап өтті.

Тәуелсіз Автомобиль одағының төрағасы Эдуард Александрович Эдоков «Сергекті» енгізу әлемдік тәжірибеге сай екенін айтты.

«Сергектерді» енгізу дұрыс әрі пайдалы деп есептеймін. Бұл қатардағы әлемдік тәжірибе. Біздерді, жүргізушілерді жол –көлік қозғалысы кезінде бақылау, ал ережені бұзатын болсақ, жазалау қажет. Қазіргі кезде осы тақырыпқа қатысты көтерліген хайп толқыны бірінші кезең ғана, біртіндеп барлығымыз оған үйренетін боламыз», - деді Э.Эдоков.

Сарапшы кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда маңызды шарт болып табылатын белдікті қадау туралы ережені көпшіліктің жатырқай қабылдағанын еске түсірді.

«Бәріміз үшін пайдалы әрі қарапайым әдіс, ережені бұзбау, бар болғаны сол ғана. Ережені бұзбайтын болсаң ешкімге, полицияға да, мемлекетке де төлемейсің. Өз жолыңмен кете бересің. Өзің де қауіпсізсің, өзгелер де қауіпсіз. Мұндай камералар көп болса, бәрімізге пайдалы», - деп атап өтті Эдуард Эдоков.

«Қазақстанның велоқауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Думан Қапасов «Сергек» кешенінің көліктің барлық түрлерін жүргізу мәдениетін арттыратынын, көлік қозғалысына қатысушылардың барлығының, әсіресе жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қауіпсіздігіне оң ықпал ететінін айтты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
Алматыда сауданы ұйымдастырудың бірыңғай Ережелері әзірленеді »»
22 қаңтар 2020 - 18:39
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауданы ұйымдастырудың жаңа Ережелерін әзірлеу, сондай-ақ маусымдық алаңдарды орналастыру туралы айтты.   Өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға сәйкес сауданы ұйымдастырудың Ережесі әзірленуде, онда сауданың стационарлық емес объектілерін (СЕО) орналастырудың негізгі талаптары мен орналастыру өлшемдері, бі...
Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді »»
21 қаңтар 2020 - 19:42
Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материал...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56