^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда 12 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді - С. Тұяқбаев
10 қаңтар 2020

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) жүзеге асыру туралы өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.

 

2019 жылдың қорытындысы бойынша 12183 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. АӘК жаңа тетіктері бойынша 50,4 мың адамға кеңес берілді, 15455 отбасының өтініштері қабылданды.

АӘК жаңа моделінде мыналар қарастырылған:

-  АӘК тоқсан сайын тағайындауды қайтару;

-  отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырманы анықтау;

-  ұсынылған жұмыстан бас тартқан еңбекке жарамды азаматтарға талапты күшейту,

-  бала күтімінде отырған аналарға бала үш жасқа келгенде еңбекпе қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру;

-  учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша АӘК берілмейтін отбасыларға жәрдемақыны төлемеуді заң жүзінде бекіту және басқалары.

«АӘК аз қамтылған отбасыларға төленеді. Мұндағы басты өлшем отбасының әібір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болуы тиіс», - деді Сапарбек Тұяқбаев

Оның үстіне көпбалалы отбасылары жеке санатқа енгізіледі әрі оларға кепілдемелі жәрдемақы тағайындалады. Мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар барлық отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Жәрдемақы көлемі әр балаға 10 625 теңгеден келеді. Мысалы, 4 баласы бар отбасыға төленетін жәрдемақы көлемі 42500 теңге, 5 балаға – 53125 теңге, 6 балаға – 63750 теңге, 7 балаға 73375 теңге беріледі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
Алматыда сауданы ұйымдастырудың бірыңғай Ережелері әзірленеді »»
22 қаңтар 2020 - 18:39
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауданы ұйымдастырудың жаңа Ережелерін әзірлеу, сондай-ақ маусымдық алаңдарды орналастыру туралы айтты.   Өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға сәйкес сауданы ұйымдастырудың Ережесі әзірленуде, онда сауданың стационарлық емес объектілерін (СЕО) орналастырудың негізгі талаптары мен орналастыру өлшемдері, бі...
Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді »»
21 қаңтар 2020 - 19:42
Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материал...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56