^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі сәулеттік ғимараттардың дизайн-кодын әзірлейді және оларды орналастыруды жүйелейді
13 қаңтар 2020

Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатының барысында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қабылданған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының аясында қала құрылысы саласын дамытудың перспективалары туралы әңгімеледі.

 

Еске салсақ, 2019 жылдың 28 желтоқсанында Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қол қойған болатын.

А. Ахмеджановтың айтуынша, Алматы қаласы аумағында жүзеге асуы тиіс өзгертулер қала құрылысы регламенттеріне орай дизайн-кодты, қалалық жоспарлау жүйесін, сонымен қатар қала аумағына сәулеттік безендірудің жеке жүйесін енгізуді қамтиды.

«Аталған нормативтік талаптар Алматы қаласының сәулеттік кеңістігін сақтау үшін тиісті стандарттар құруға, ғимараттарды сәулет ескерткішіне жатқызу үшін ереже әзірлеуге, сонымен қатар санитарлық-аймақты ескере отырып, олардың сақталуын (ғимарат алаңындағы аймақты дамыту сәулет стиліне сай болуы тиіс) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Алмасхан Ахмеджанов. Ол ескерткіштердің 130-дан 300-ге дейін артқанын атап өтті.

Биылғы жылы қосымша нысандарды сәулет ескерткіштерінің тізбесіне енгізу үшін қоғам өкілдерімен талқылаулар өтетінін айтты.

Өз кезегінде дизайн-код Алматы қаласының аумағында ғимараттардың қасбеттеріне, жазғы алаңдарға, кіші сәулет пішініндегі объектілерге қойылатын талаптарды жүйелейді әрі оларды орналастыруды реттейді. Сонымен қатар, заңға қажетті инфрақұрылымдық коммуникация жүргізілетін алаңдардың сызбасын (бұрындары сауда алаңдары берілген өтінішке орай орналастырылатын) талап ету енгізілген.

Регламенттер бір айдан соң жұртшылықтың кеңінен талқылауына ұсынылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда дәрі-дәрмек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды »»
07 шілде 2020 - 23:20
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмектердің дәріханаларға жеткізілуі және оның қажетті қоры туралы мәлімдеді.   Бұл ретте өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында дәріханаларда орын алған дүрлікпеге қатысты жағдайға да түсініктеме берді. «Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препараттар, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және ...
Күшейтілген карантин кезінде Алматыдағы қоғамдық көліктердің жұмысы туралы »»
07 шілде 2020 - 19:21
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов қоғамдық көліктердің қазіргі жұмыстары туралы айтты.   Қатаң карантин кезеңіне шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктердің жұмыс режимі жұмыс күндері 22.00-ге дейін қысқарды. Бұған дейін, қоғамдық көліктердің жұмысы 23.00-ге дейін жалғасатын. Бұдан бөлек, демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы толығымен тоқтатылды, соның ішінде кор...
Бауырлас қалалар басшылары арасындағы келісім аясында мәскеулік дәрігерлер бригадасы Алматыдағы стационарлар базасында COVID-19-ға қарсы күреске қатысатын болады »»
07 шілде 2020 - 12:09
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев аппараттық кеңесте коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия  мүшелеріне екі мегаполис мэрлері арасындағы келісім бойынша кеше қалаға келген мәскеулік мамандар бригадасының басшысын Мәскеу қаласы Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Алексей Токаревті таныстырды.   Қазіргі кезде коронавирус пандемиясына қарсы бірлесіп күресудің жобасы қолға алынуда. Бұл жобаны Алматы әкімдігі тарапынан әкімнің орынбасары Ержан Бабақұма...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz