^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі инфрақұрылымды дамыту үшін жеке жер телімдерін нарық бағасы бойынша сатып алады
13 қаңтар 2020

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында әкімдіктің жаңа құзыреті туралы әңгімеледі.

 

Ардақ Самамбетов қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін қайтару тетігінің енгізілетінін айтты. Жалпы, Алматы қаласында бүгінгі күнге дейін жердің 95%-ы жеке меншіктің қолында.

Айта кетерлігі, мемлекеттік қажеттілікке қайтарылатын жер телімдеріне қатысты оқиғалар тізбелері Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында бекітілген. Аталған заңнамалық актілерде жер телімдерін немесе басқа да мүліктерді қайтаруға мәжбүрлеу немесе тоқтату оқиғалары, қағидаттары жан-жақты түсіндірілген. Осыған орай, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар әрбір істі нақтылайды әрі ҚР заңнамасына сай қабылданған.

А. Самамбетов айтып өткендей, жер телімдерін қайтару көлік, энергетикалық инфрақұрылымдарын салуға және басқа мәселелерге қатысты болуы мүмкін. Мысалы, қазіргі кезде көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік және энергетикалық нысандарды салуды дамыту бойынша 21 жоба жұмыс үстінде.

Олардың арасында Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі, Рысқұлов даңғылы-Емцов көшесі бойындағы бірқатар ірі жолайрықтары, Абай даңғылын үңгілеу бар. Бұл тізім толығатын болады.

Айта кетерлігі, Ардақ Самамбетов жер телімдеріне өтемақы нарықтық баға бойынша жүзеге асатынын қадап тұрып айтты.

«Өтемақыға келер болсақ, жер телімдерінің ақысы кадастрлық баға немесе нарық бағасынан төмен келісім бойынша есептелгенде бізде проблема болды. Алматы әкімдігінің бастамасы бойынша аталған заңға өткен жылдың басынан бастап өзгерістер енгізілді. Біз мемлекеттік қажеттілік үшін қайтарып алынатын мүлікке өтемақыны тек нарықтық баға бойынша төлейміз. Сондықтан қазіргі кезде бізде өтемақыға қатысты проблема жоқ», - деді А. Самамбетов.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
Алматыда сауданы ұйымдастырудың бірыңғай Ережелері әзірленеді »»
22 қаңтар 2020 - 18:39
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауданы ұйымдастырудың жаңа Ережелерін әзірлеу, сондай-ақ маусымдық алаңдарды орналастыру туралы айтты.   Өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға сәйкес сауданы ұйымдастырудың Ережесі әзірленуде, онда сауданың стационарлық емес объектілерін (СЕО) орналастырудың негізгі талаптары мен орналастыру өлшемдері, бі...
Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді »»
21 қаңтар 2020 - 19:42
Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материал...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56