^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 31 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімінің бастамасымен мегаполисте таяу арадағы 3 жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылады
17 қаңтар 2020

Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзіретті енгізуге бастама жасады, оның ішінде жасыл экономиканы дамыту бөлігіне де назар аударды. Сейтенов Ержан Іргебаевич өз саласында бір ғана түзету қарастырылғанын, алайда маңызды мәселені қамтитынын жеткізді.

«Бізде Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғаудың жеке ережелерін әзірлеу және бекіту мүмкіндіктері пайда болды», — деді Ержан Іргебаевич.

Жаңа Ережелердің жобасына бірқатар жаңа нормалар енген. Мысалы, ағаштарды санитарлық кесу, жасарту бұдан былай Алматы әкімдігінің келісімімен ғана жүргізіледі, сонымен қатар, кесілген ағаш шығынын өтеудің әдісі жасалды. Нормаға сәйкес ағаш апатты жағдайда кесілсе, оның орнына отырғызылатыны – 1-ге 1, әдейі отырғызылатыны – 1-нің орнына 10, заңсыз алынғаны үшін – 1-нің орнына 100 ағаш отырғызылуы тиіс.

Бұдан бөлек, басқарма басшысы оңтүстік астанаға «Алматы - бақшалы қала» атауын қайтару бағытында жүргізілетін бірқатар жоспарларымен бөлісті. Әкімдіктің рұқсатымен санитарлық жолмен немесе әдейі кесілген ағаштардың орнына жасыл желектер қайта отырғызылады, магистральды көшелердің бойына діңгегі 20-25 см болатын жапырақты ағаш түрлері егіледі.

«Қала әкімдігімен 3 жыл аралығында Алматы қаласында миллион ағаш отырғызылатын болады», — деді Ержан Сейтенов.

Ережелер жобасы кеңінен талқылану үшін ашық көздер арқылы жарияланады, оның ішінде Алматы қаласының жасыл экономика басқармасының ресми сайтында. Ниет білдірушілердің барлығы жасыл қорды жақсарту жөніндегі жеке ұсыныстарын жібере алады.

«Жұртшылықпен, «Атамекен» ҰКП-мен және басқа да мүдделі органдармен, ұйымдармен келісілген соң жасыл желекті ұстау және қорғау жөніндегі жаңа ережелерді бекіту үшін Алматы қаласының маслихатына ұсынылады», — деп атап өтті сөзінің соңында Е. Сейтенов.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат  »»
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж...
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
31 наурыз 2020 - 13:36
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.   Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек. Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет: №1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27 ...
Алматыда халықаралық әуе рейстері тоқтатылды
30 наурыз 2020 - 21:44
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаусылына сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірі сағат 00.00-ден бастап, Алматы қаласында халықаралық әуе рейстері тоқтатылады.   Бұл Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жасалынып...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56