^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 23 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Т. Әбілдаев МӘМС жайында: «Міндетті сақтандыру – барлық медициналық қызметтерге қол жеткізу»
21 қаңтар 2020

21 қаңтар күні №5 қалалық клиникалық емхана алаңында баспасөз-туры өтіп, брифинг барысында БАҚ өкілдеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың қызмет алу барысы түсіндірілді.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйе медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев өз сөзінде бүгінгі күні барлық медициналық қызмет көрсету орталықтары МӘМС шеңберінде азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталғанымен бөлісті.

«Қаланың техникалық тұрғыда дайындығы өте жоғары. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген, жұмыс орындары компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген. Тағы айта кететіні, медицина жүйесінің инфрақұрылымы дайындалды. Медициналық оңалтуға өткен жылмен салыстырғанда 10 есе, емханалар деңгейінде консультациялық-диагностикалық бөлімшеге 6 есе артық қаржы бөлінді», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Алматы халқына медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарының базасында 271 емдеу ұйымы тіркелген. Оның ішінде, сақтандыру пакеті шеңберінде 147 медицина ұйымымен 218 келісімшарт бекітілген. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі арқасында 2020 жылы медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіру қызметін көрсететін клиникалар саны 62-ге жетті. Оның 25-і – жеке меншік. Өткен жылы аталған қызмет түрін көрсететін ұйымдар саны төртеу ғана болатын.

Барлық медициналық қызмет көрсетулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру немесе тегін медициналық көмектің кепілді көлемі пакеттері арқылы жүзеге асатын болады. Бұл қызмет көрсетулерге қымбат ота жасау, тар бейінді мамандардың қабылдауы және өмір сапасын арттыруға бағытталған барлық қызмет түрлері жатады. Одан бөлек, МӘМС бұған дейін қолжетімсіз болған қызметтерді: компьтерлік томография, магнитті-резонансты томография, анализдердің барлық түрлері т.б. алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бастапқы тегін медициналық көмектің тізбесіне кірмейтін аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек көрсетілетін болады.

Қазір еліміздің барлық азаматтары МӘМС пакетіндегі қызметтерді сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан пайдалана алады. Бұл тұрғындардың жаңа жүйенің барлық артықшылықтарын сезініп, көріп-білуі үшін жасалып отыр. Ал, сәуірдің бірінен бастап медициналық қызметті толық пайдаланғысы келетін пациент міндетті түрде сақтандырылған болуы шарт. Бүгінде екі түрлі жолмен МӘМС қатысушысы болуға болады:

Дербес төлеушілер үшін - ең төменгі жалақының 5% төлеу. Бұл бүгінгі күні айына 2125 теңгені немесе жылына 25,5 мың теңгені құрайды.

Қалаларда тұратын бірыңғай жиынтық төлемді (шок) төлеушілер үшін айына 1 АЕК немесе жылына 31 812 теңге, ауылдық жерлерде - 0,5 АЕК немесе жылына 15 912 теңгені құрайды.

Бүгінгі күні ММС жүйесіне төлеу Қазпошта бөлімшелері, екінші деңгейдегі 25 банк арқылы, одан бөлек Интернет банкинг порталдары, Халық банкінің және Қазпошта АҚ-ның өзіне-өзі қызмет көрсету филиалдары арқылы қашықтан жүзеге асырылады.

«Міндетті сақтандыру - барлық медициналық қызметтерге қол жеткізу. МӘМС арқасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне жатпайтын медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізуге болады. Бұл - жаңа жүйенің басты артылықшылығы», - деп атап өтті Т. Әбілдаев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56