^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 23 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Медициналық қызметтің сапасын арттыру: Алматыда МӘМС қалай енгізілуде
21 қаңтар 2020

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі 21 қаңтарда №5 қалалық клиникалық аурухана алаңында азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету процесстерін түсіндіру бойынша баспасөз-турын өткізді.

 

Баспасөз-турына қатысушылар №5 қалалық клиникалық аурухана жұмысының үлгісінде республика және Алматы қаласы бойынша МӘМС аясында көрсетілуі тиіс медициналық қызметтің барлық түрлерімен танысты. Олар емхананың, стационарлық бөліктің, оңалтудың және басқаларының жұмыстарын аралап көрді.

Баспасөз-туры аяқталған соң Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың, Алматыдағы №5 қалалық клиникалық аурухананың бас директоры Болат Садықовтың қатысуымен брифинг өтті.

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілді. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылды деп есептейтін өтпелі кезеңнің 2020 жылдың 31 наурызына дейін қолданыста болатындығын атап өтті.

Бүгінгі күні Алматы қаласының инфрақұрылымы ТМКК және МӘМС аясында медициналық қызметтің барлық түрін тек Алматы қаласының тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар қаланың медициналық ұйымдарында ТМКК және МӘМС бойынша медициналық көмекті қалайтындарға да көрсетуге дайын.

«Қазіргі кезде еліміздің барлық тұрғындарының мәртебелеріне қарамастан МӘМС аясында артықшылық пен басымдықтықты сезіне отырып, медициналық көмекті алуларына толық мүмкіндіктері бар. 1 сәуірден бастап медициналық қызметті толық көлемінде алу үшін олар сақтандырулары тиіс. Медициналық мекемеге келер алдында азаматтар телеграм-бота, e-gov порталы немесе министрлік пен қордың ресми сайттарына ене отырып сақтандырылғандықтары туралы өздерінің мәртебелерін біле алады», - деп түсіндірді Т. Әбілдаев.

Т. Әбілдаев бүгінгі күні Алматы қаласының барлық медициналық мекемелері ТМКК және МӘМС аясында азаматтарға заманауи медициналық қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталғанын атап өтті.

«Қаланың техникалық дайындығы барынша жоғары, барлық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелеріне медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген, жұмыс орындары компьютерлік техникамен 100 пайыз жабдықталған. Айта кетерлігі, денсаулық сақтау субъектілерінің инфрақұрылымдары да дайын», - деді Т. Әбілдаев.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров өз кезегінде медициналық ұйымдар жүргізіп жатқан жұмыстарға тоқталды.

«2020 жылы МӘМС енгізу барысында оңалту және қалыпқа келуге көмектесу бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың саны 62-ге жетті, олардың 25-і жеке клиникалар. Егер салыстыратын болсақ, 2019 жылы небәрі 4 медициналық мекеме ғана медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша қызмет көрсетті»-, деп хабарлады Нұрлыбек Қабдықапаров.

Ол өзінің сөзінде 2020 жылы медициналық сақтандыру қорының халыққа медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қызмет көрсету үшін медицина мекемелерімен келісім жасалғанын айтты.

«Қаржыландыру көлемі жеткілікті деңгейде және ұсынылатын медициналық қызметтің сапасы да жоғары. Мен мемлекет МӘМС енгізе отырып, азаматтардың денсаулығына деген жауапкершілікті өзінен алып тастамайтынын атап өткім келеді», - деп қорытындылады сөзін Н. Қабдықапаров.

Еске салсақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев медициналық қызметтің сапасын арттыратын және қолжетімді ететін МӘМС енгізу жөнінде бастама көтерген еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке МӘМС мәселелерін жүзеге асыруға барынша жауапкершілікпен қарауды тапсырған болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56