^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Сағынтаев: проблемалық мәселелерді бірге шешеміз
07 ақпан 2020

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы әкімінің есептік кездесуіне қатысты.

 

Аудан тұрғындарын алаңдататын басты мәселелер – бұрынғысынша жолдың, коммуналдық желілердің жоқтығы, абаттандыру мен аумақты жасылдандыру. Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков тұрғындарды газбен қамтудың 96%-ды құрайтынын айтты. Өткен жылы «Мәдениет» ықшамауданы мен «Энергостроитель», «Теплоэнергетик» саябақтарына 6,8 шақырым газ құбыры тартылды. 1407 үйді газдандыру қажет, олардың 976-ы жеке үйлер, 431-і саяжайлар.

Сумен қамту және кәріз желілері 79 және 68 пайызды құрайды. «Ақбұлақ», «АЗТМ», «Алғабас» ықшамаудандарына ұзындығы 107 шақырым болатын желілер тартылуда.

Аудан электр желісімен толық қамтылған. Дегенмен, 157 шақырым желі мен трансформаторлы қосалқы станциялар сот арқылы иесіз деп танылып, оның 143 шақырымы «Алатау Жарық» компаниясының балансына берілді. Айта кетерлігі, аудан тұрғындары коммуналдық қызмет төлемін жалпықалалық тариф бойынша төлей алады.

Есептік кездесу барысында тілектер де айтылды. Мәселен, эколог Тимур Елеусізов скверлерді абаттандыру бойынша көмегін ұсынды, сонымен қатар бұзақылар жасыл желекке зақым келтіретіндіктен, видеобақылау камераларын орнату қажет екенін атап өтті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, барлық проблемалық мәселелердің жүйелі түрде шешілетінін хабарлады. Ол үшін таяу уақытта аудандар әкімдері өз аумақтарын дамытудың үш жылдық шеберлік-жоспарларын әзірлейтін болады.

«Мұндай инфрақұрылымды жақсартатын және ауданның басқа да мәселелерін шешетін «Жол карталары» сіздердің белсенді қатысуларыңыз арқылы әзірленеді. Қала бюджеті шеберлік-жоспарларына сәйкес жасалады әрі бөлінетін болады», - деді Б. Сағынтаев. Ол әкімдіктің жұмысында тұрғындар пікірлерінің басты назарға алынатынын атап өтті.

Кездесу аяқталған соң аудан тұрғыны Жұмағазы Есжановтың өтініші бойынша Алматы әкімі асфальты, сыртқы жарығы жоқ, арық жүйесі бұзылған Доспанов пен Сұхамбаев көшелерінің бұрышына барды. Мұндағы ағаштарды кесу қажет, өйткені олардың бұтақтары электр желісі мен байланысқа зиян келтіруі мүмкін. Бақытжан Сағынтаев тиісті басқармалар басшыларына жұмыс жоспарларына сай көрсетілген кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Айтар болсақ, өтініштерге жедел назар аудару үшін Алатау ауданында Whatsapp мессенджерінде +7 700 300 20 97 нөмірі бойынша чат ашылған.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев АМСК қызметінің індеттің жаңа толқынына дайындығын тексерді »»
15 тамыз 2020 - 11:54
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев №17-ші қалалық емханада болып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің КВИ індетінің жаңа толқыны жағдайына қалай бейімделетінін тексерді.   №17-ші емханада таза және кір аумақтар арнайы бөлінген, фильтрлер мен бақылау постылары орнатылған. Науқастар ағыны дараланған, яғни емделуге жатқызылатын немесе тексеруден өтетін ЖРВИ белгілері бар сырқаттар, балалар, жүкті әйелдер өзара араласпайды. Бұрынғыдай дәлізде бірге тұрмайды. Олар үшін жеке процедуралық және зертханалық ...
Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz