^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 3 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қаланы дамытуға арналған инвестициялар
12 ақпан 2020

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қала инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарастырған бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Meridiam компаниясының Түркия мен Еуразия бойынша директоры Омри Гейнсбургпен қоғамдық көлік және коммуналдық инфрақұрылым, әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын салу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Meridiam компаниясы инфрақұрылымның орнықты нысандарын қаржыландыруды және ұзақ мерзімді басқаруды әзірлеуге маманданған жаһандық басқарушы компания болып табылады.

Ahsel Holding компаниясы тобының директорлар кеңесінің төрағасы Ахмет Хамди Аянмен болған кездесуде тұрғын үй нысандарын салу бойынша әңгіме өрбіді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа заманауи тұрғын үйкешендерін, оның ішінде құрамына қажетті бүкіл инфрақұрылым енетін құрылыс жобалары көрсетілді.

Холдингке енетін компаниялар Қазақстанда бірқатар ірі нысандарды салды, оның ішінде «Интерконтиненталь Анкара» қонақ үйі, «Эдельвейс» пен «Ақкент» тұрғын кешендері бар.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды
02 шілде 2020 - 23:53
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің қалаларында карантиннің күшейтілуіне қатысты түсініктеме берді және 5 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы хабарлады.   Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Алматы қаласына қатысты бірқатар қосымша шаралар қабылданды. Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаның ішінде ірі сауда нысандары, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, мекте...
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті  »»
02 шілде 2020 - 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылы...
Алматы дәріханаларында парацетамол қолжетімді
01 шілде 2020 - 16:03
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елдегі эпидемиологиялық жағдай, сонымен бірге, Қазақстан аймақтарына дәрі-дәрімек пен жеке қорғаныс құрылдарын жеткізу мәселелеріне байланысты түсініктеме берді.   Елдегі эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр, коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары орын алуда. Дәрі-дәрімекпен қамту мәселелері қосымша атап өтіліп, қазір олар шешімін тапты. Людмила Бюрабекова соңғы кездері көптеген қалаларда дәр...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz