^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 3 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
2019 жылы Алматыда үш мыңға жуық отбасы баспаналы болды
12 ақпан 2020

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев мәлімдеді.

 

М.Отыншиевтің айтуынша, бүгінгі таңда 25,5 мың алматылық тұрғын үй алу кезегінде тұр. Оның ішінде 10 мыңға жуығы бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болса, 11,8 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жатады.

«2019 жылы тұрғын үйге мұқтаж 2913 жанға пәтер бөлінді. Айта кету керек, пәтерлердің 64%-ы «Нұрлы жер» бағдарламасымен, яғни баспанасы жоқ азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында берілді», – деді Мейіржан Отыншиев. Айтуынша, соның ішінде жұмыс істейтін жастарға жалға беруге 1050 пәтер берілді. Ағымдағы жылы да бұл үрдіс жалғасын табады.

Республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 121 көпбалалы отбасы, 96 толық емес отбасы және 29 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасын қамтыған 246 қарыз берілді.

Сондай-ақ, өткен жылы 284 көпбалалы отбасы қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатына ие болып, баспанаға қол жеткізді.

Бүгінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және бизнес-процестерді оңтайландыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй кезегінде тұрғандарды есепке алудың Республикалық бірыңғай ұлттық жүйесі құрылды.

Осы жүйеге сәйкес, кезек толығымен электрондық үкімет (e-gov) порталына ауыстырылды. ЭЦҚ-сы бар адамдар кезегін күн сайын қарап, кезек қозғалысының динамикасын көріп отыра алады.

Бұған қоса тұрғын үйді бөлу жөніндегі тұрақты комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына азаматтық қоғам, Қоғамдық кеңес, БАҚ өкілдері кіреді.

Брифингті қорытындылаған Мейіржан Отыншиев бүгінде тұрғын үй алуға кезекке тұрған мезеттен бастап пәтер берілгенге дейінгі мерзімнің ақпараттандырылуы толығымен аяқталғанын хабарлады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды
02 шілде 2020 - 23:53
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің қалаларында карантиннің күшейтілуіне қатысты түсініктеме берді және 5 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы хабарлады.   Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Алматы қаласына қатысты бірқатар қосымша шаралар қабылданды. Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаның ішінде ірі сауда нысандары, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, мекте...
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті  »»
02 шілде 2020 - 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылы...
Алматы дәріханаларында парацетамол қолжетімді
01 шілде 2020 - 16:03
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елдегі эпидемиологиялық жағдай, сонымен бірге, Қазақстан аймақтарына дәрі-дәрімек пен жеке қорғаныс құрылдарын жеткізу мәселелеріне байланысты түсініктеме берді.   Елдегі эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр, коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары орын алуда. Дәрі-дәрімекпен қамту мәселелері қосымша атап өтіліп, қазір олар шешімін тапты. Людмила Бюрабекова соңғы кездері көптеген қалаларда дәр...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz