^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда экологияны жақсарту бойынша құрамында сарапшылар мен экобелсенділері бар жұмыс тобы құрылды
15 ақпан 2020

2020 жылдың 15 ақпанында Тұрақты даму комитетінің кеңейтілген отырысында экобелсенділер мен Алматы қаласы әкімдігінің арасында өзара ашық диалог өтті.

 

Басқосуға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қожағапанов пен әкімнің орынбасарлары Е.Бабақұмаров, М.Әзірбаев, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен экобелсенділер, олардың ішінде А.Төлесова, А. Ерекенов, С. Мартемьянов, А. Жандосова, С. Ташимова, А. Наурызбаев қатысты. Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматыдағы ЖЭО басшылығы және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушілер қатысты.

Жиында мегаполистегі ағымдағы экологиялық жағдай мәселелері талқыланды, сондай-ақ экологияны жақсартудың тиімді тетіктері қаралды. Экология саласындағы сарапшылар, белсенділер ауаны ластау көздерінің мәселелерін көтерді.

Жиынға қатысушылар бүгінде ЖЭО-2-ні газға ауыстырудың қандай нұсқалары қарастырылып жатқанын талқылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен ЖЭО-2-ні газға ауыстыру процесін жеделдету бойынша барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Бүгінде түрлі нұсқалар қарастырылуда. Сонымен қатар, қала әкімдігі ЖЭО-2-ні жаңғыртудың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін ағымдағы жылдың сәуір айында жұртшылықтың талқылауына шығармақ.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов ауаның әртүрлі көздермен ластану деңгейін азайту үшін барлық бағыттар бойынша кешенді жұмыс қажет екенін атап өтті.

«Біз өзімізден бастауды жөн көріп, коммуналдық автопаркке тек газбен жүретін автобустарды сатып ала бастадық. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарының 300-ден астамына үйіне газға өтеусіз негізде қосуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, қызметтерді жеткізушілерден бөліп төлеуді және екінші деңгейлі банктерден пайызсыз несиелерді ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда», - деді Е. Қожағапанов.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала әкімдігі мегаполистің экологиялық жағдайына ерекше көңіл бөлінетінін мәлімдеді. Экологияны жақсарту бойынша шаралар «Алматы-2025» бес жылдық жоспарында және мегаполистің 8 ауданы бойынша мастер-жоспарларда көрсетіледі. Е. Бабақұмаров жұртшылықты осы құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысуға шақырды.

Құрылыстың экология жағдайына әсер ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, бүгінгі күні қалада қалалық құрылыстарға мониторинг белсенді жүргізіліп жатыр. Бұдан өзге, Үкімет деңгейінде Алматы банктерінің кепілдік базасындағы жер учаскелерін қала балансына беру туралы шешім қабылдады. Бұл Алматының көптеген аудандарын әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша Air Vision тәуелсіз экологиялық қоры алаңында талқылау өткізетін мамандар мен белсенділер қатарынан жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Ұсыныстың барлық сұрақтары Тұрақты даму комитетімен қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының Іскерлік кеңесінің жанында экология мәселелерімен айналысатын Тұрақты даму комитеті жұмыс істейді. Комитет төрағасы және оның мүшелері кәсіпкерлер мен меценаттар. Air Vision тәуелсіз экологиялық қоры ауаның ластану деңгейін мониторингілеу және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді »»
06 сәуір 2020 - 19:33
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.   – Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр. Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп сал...
7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады »»
06 сәуір 2020 - 18:55
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.   Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берд...
Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56