^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
2020 жылдың 16 ақпанында Алматыдағы қарды тазалау бойынша ақпарат
16 ақпан 2020

16 ақпан күні Алматы қаласында түнгі сағат 03.00-де бастаған жаңбырдың арты қарға айналды.

 

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, жол қиылыстары мен жолайрықтарға тайғаққа қарсы материал себілді. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша тайғаққа қарсы 3073 тонна материал пайдаланылды. Сағат 05.00-ден бастап қар тазалайтын көліктерден колонналар ұйымдастырылды. Олардың кедергісіз жүруі үшін жол полициясының патрульдік машиналары көмекке келді.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік тұрақтарын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалау жұмыстарына 597 бірлік техника мен 1668 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар 15 см-ге дейін, таулы аудандарда 25 см-ге дейін түсті.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді »»
06 сәуір 2020 - 19:33
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.   – Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр. Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп сал...
7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады »»
06 сәуір 2020 - 18:55
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.   Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берд...
Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56