^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды
21 ақпан 2020

Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

 

Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу.

2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды.

Жәрмеңкелерден фермерлік шаруашылықтардың жергілікті өнімдерін алуға болады. Жәрмеңке бағасын әлеуметтік баға бойынша тауарлармен қамтамасыз ететін ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының, қосалқы шаруашылықтардың өкілдері және Тұрақтандыру қоры атынан мемлекет қояды.

 

Жәрмеңкелерде әлеуметтік баға бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі ұсынылады, олар:

Сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі - 1900 теңге.

Тауық еті - 810 теңге

Картоп - 104 теңге

Сәбіз - 94 теңге

Қырыққабат - 94 теңге

Жұмыртқа, 1 категория - 300 теңге

Өсімдік майы - 400 теңге

        

«Алматы» ӘКК сауда орындарын жеңілдікпен жалға беріп, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізушілермен тікелей жұмыс жасайды. Жалға берудің сараланған бағасы бір орынға 16 700 теңге.

Қала әкімдігі мен «Алматы» ӘКК өкілдері демалыс күндердегі жәрмеңкелерді тұрақты аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын жіті бақылайды және олардың өсуіне жол бермейді.

 

Жәрмеңкелердің мекенжайлары:

 

Гоголь -Масанчи (Алмалы ауданы)

Абай - Өтеген батыр (Әуезов ауданы)

Қазақфильм ықшамауданы, Жароков көшесі, әл-Фараби даңғылынан жоғары (Бостандық ауданы)

Құлагер ықшамауданы, Серіков көшесі (Жетісу ауданы)

 

Жаңа жәрмеңкелер:

Нұркент-5 ықшамауданы, «Атлеттер ауылы», орталық аллеяда (Алатау ауданы)

Қалқаман ықшамауданы, Әуэзов көшесі, 1-ші қалалық клиникалық аурухананың кріе берісіне қарсы (Наурызбай ауданы)

Сайын - Шаляпин (Әуезов ауданы)

Жұлдыз ықшамауданы (Түрксіб ауданы)

Меңдіқұлов - Бектұров (Медеу ауданы)

Саялы, 28-ші үйдің жаны (Алатау ауданы)

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz